Жариялады: admin
|
Пікірлер: 0
|
Оқылды: 1695
Қызылорда қаласы №11 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Әбілдаева Гүлзира Жәнібекқызы
БАЯНДАМА
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту тәсілдері
Бастауыш сыныптарда оқыту барысында балалардың таным процестерін дамытуға, олардың тіл байлығын және өз ойын сөйлеу арқылы басқарларға жеткізу тәсілдерін қолдаудың ойлау процесін дамытуға қосатын үлесі өте үлкен. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев осы тәсілдер ретінде халық педагогикасы элементтерін қолдануды ұсынады. Қазақ халқының бай тәжірибесінде көптеген оқу процесінде қолданылатын ойындар, өлеңдер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар т.б. ауыз әдебиет туындылары бар. Олардың терең мазмұны балалардың тіл байлығы мен ой-өрісін дамытып, сонымен қатар барлық қабілетін дамытуға үлкен үлесін қосады. Осы материалдарды іріктеп алып, оны тақырыпқа байланысты қолдану-оқыту барысында оқушылардық ойлау процесін дамыту проблемасын шешудің тиімді жолы болады.
Халық педагогикасында қалыптасқан балаларға арналған ойындар олардың білімін қалыптастырып, он пысықтауға, үй тапсырмасын орындау жолдарын түсіндіруге, білімдерді бір-бірімен ұштастырып, ұғымдық қорын қалыптастыруға жәрдем береді. Қазіргі мектеп бағдарламасы ұлттық ойындарды кеңінен қолдануға өте ыңғайлы. Көптеген ойындар баланың тапқырлығын, табиғат құбылыстарын, қоршаған табиғат ерекшеліктерін түсініп меңгеруге арналған. Осндай мән-мағынасы өте терең және жан-жақты дамуға, баланың байқағыштығын тәрбиелеуге үлкен үлесін қосып, ойлау қабілетін дамытатын ойындардың бірі «Аңдардың айтысы» деп аталды. Бұл ойында қатысушылар жүргізушінің талабына сай белгілі бір тақырыпқа сай келетін әндер орындап, онда аңдардың дауыстарын, қылықтарын бейнелеп, олардың өзіне тән ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді талап етеді. Мұның өзі хайуанаттар әлемі жөнінде нақты ұғымдарды қалыптастырып, сонымен қатар музыкалық және артистік қабілетін дамытады. Топтасып ән айту, бірін-бірі тыңдап әрекет жасау дағдысын жетілдіреді.
Әр ойынды жүргізу және қатысушылардың орындау ережелері бар. Ол ережелердің тірбиелік мәні өте үлкен. Бұларға ойынның барысы белгіленді, балалардың тәртібі мен іс-әрекеттің реті, олардың өзара қарым-қатынасына қойылатын талаптар анықталады. Сондықтан ойнау барысында тәртіп сақтауына, ерік-жігерінің қалыптасуна мүмкіндік туады. Мысалы: «Қоғи көп» ойынында қаздар тек қана кемпірдің «Олай болса сендердің біреуіңді алып қаламын» деген сөзінен соң ғана тізбегін жазбай кемпірден қаша жөнелуі керек. Ойын шапшаңдықты, ептілікті, тиянақтылықты, тез бағдар табуы, ұжымдық ұйымшылдық көрсетуді, бір-біріне көмектесуді, жауапкершілікті, батыл қимылды талап етеді.
Бұл ойындағы ерекшелік – билеп жүріп хормен өлең айтуды өзара үйлесімді әрекет ұйымдастыруда байқалады. Хормен ән айтып, би қимылын жасаған сайын кеудедегі қоңырау әшекейлер өзара үндесіп жатады. Яғни, әуен саздары мен қоңырау сылдыры ойнаушылардың қимылдарына сүйемелдеушілік жасап тұрғандай болады.
Өйткені ойындағы қимылдар жай қимыл емес, оларды әуеннің ырғағына байланысты жасалған қимылдар болып табылады.
Мұндай ойындар халықтық педагогикада өте көп және мазмұндары да бағыттары да бірін-бірі қайталамайтындай сан-алуан, әрі қызықты. Олар «Алқан соқпақ», «Тақия тамақ», «Тартыс», «Айгөлек» т.б. Қай ойынды алсақ та, бәрінде де би элементтері кездеседі, ән, күй, тақпақ, мәнерлі қимыл мен ыммен жасалатын көріністер бір-бірімен алмасып жатады. Бұлардың бірі нақтыланған жағдайға қарай актерлік үлгіде, сахналық үзінді түрінде орындалады. Ойын барысында қатысушылар өздерін күнделікті тіршілік жағдайында сезінбейді, керісінше, мүлде бөлек ортада сезім, поэзия, өнер әлемінде сезінеді. Олар ойнаған рольдерінен эстетикалық ләззат алуға талпынады.
Ойын барысында қатынасушылардың тәртібіне бірыңғай талаптар қойылады:
- қалай отыру, өзін дұрыс ұстау;
- қандай мөлшерде бір-бірімен сөйлесу қажет т.б.
осы айтылғандардың бәрінен қазақ ойындары драма және сахналық өмірдің әрқилы элементтерімен аса толықтырылған деп қорытынды жасауға болады. Сонымен бірге осы ойындардың кең тұрғыда таралуы ондағы қатысушылар мен көріп тамашалаушылар санының артуы – мұның тәрбиелік мәнін тереңдетеді. Мысал ретінде қаламақ ойынды келтіруге болады. «Соқыр теке» ойынында жүргізуші ойынға қатысушылардың әрқайсысына мал атын қойып шығады. Ең соңғы аталған бала «Тентек теке» болады:
Бұзау, бота, құлыншақ,
Тоқты, серке, тай торпақ,
Тана, тайлақ, құнан, дөнен, бесті бар.
Малдың жасын айыра біл, естіп ал
Бұқа, бура, айғыр, қошқар, теке бар
Көзін байла, теке-теке «бақ-бақ».
Соқыр теке қайдан бізді таппақ.
Ойын сызылған шеңбердің ішінде айналады. Жүргізуші «Тентек текені» ортаға шақырып, көзін таңа бастағанда «Тентек теке» былай деп өлеңдетеді:
Қараңғыда көзім жоқ,
Тиып кетсем сөзім жоқ,
Маған жақын келіңдер,
Бір қыз ұстап беріңдер.
Көзі байланған «Соқыр текені» айнала қоршағандар оны мазақтап:
Соқыр, соқыр, соқырақ,
Оқ көзіңе топырақ
Топырағын алайын,
Тотияиын салайын.
Ал ұстап көр, батырым,
Міне келе жатырмын! -
деп өлеңді айтып болысымен әр жаққа ойнаушылар қашады. Ал «Соқыр теке» олардың бірін ұстауға тырысады, ұстаған баласы оның орнына тұрады. Сөйтіп ойын одан әрі жалғасады.
Бастама ойын ретінде көптеген санамақтарды келтіруге болады. Олар мәнерлеп сөйлеуге үйретеді.
Қуыр, қуыр, қуырмаш
Тауықтарға тары шаш!
Бас бармақ,
Балалы үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек
Сен, тұр – қойға бар!
Сен, тұр – қозыға бар!
Сен, тұр – жылқыңа бар!
Сен, тұр – сиырыңа бар!
... Ал сен алаңдамай.
Қазан түбін жалап,
Үйде жат.
Мына жерде құрт бар,
Мына жерде май бар,
Мына жерде қатық бар,
Қытық, Қытық ....
Осылайша балалардың тақпақты нәшіне келтіріп оқу дағдысы қалыптасады. Осы сияқты санамақтар, қызықты орындалатын әуендер, тіпті адамдардың өзара қарым-қатынасында кездесетін қызықты әқгімелерді жылдам, берік есте сақталады. Оны балалар өздерінің күнделікті ойындарында қызығып сүйіспеншілікпен қайталайды.
Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты осындай санамақтар мен қаламақтар мазмұны оларға өте жақын, түсінікті. Олар балалардың ой өрісін, тілін тез дамытуға өте икемді. Сонымен қатар ойындарға қатысу арқылы балалардық мінез-құлқы сыйысымды болып, қарым-қатынас мәдениетін меңгереді, әдептілікке, басқалармен санасуға, тілалғыштыққа баулиды. Ойын кейіпкерлерінің мінез-құлығына қарап жақсы мен жаманды ажыратуға мүмкіндік береді.
Халық ойындарының көптеген түрлерін сабақтан тыс бос уақытты, үзіліс кездері ұйымдастыруға қолдануға мүмкіншлік өте мол. Сондықтан бастауыш сынып оқушылар өмірінде осы ойын түрлері үлкен орын алуға тиіс.
Ойындар мен қатар халық шығармалары туындыларының бірі жұмбақтарды қолдану балаларды аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа, зеректілікке тәрбиелейді. Жұмбақтар – халықтық шығармаларының ішінде үлкен орын алады. Жұмбақтардың шешімін айту баланың ақыл-ойын, ой-өрісін дамытып, ойлаған іс-әрекеттің шешімін тауып, үдесіне жетуге үйретеді. Жұмбақтар бала үшін өте қызықты құпия. Оны шешу қажеттілігі білімге қызығушылық тудырады. Баланың ұшқыр ойын іске, әрекетке қарай баулиды. Ой – сананың қызмет етуіне себебін тигізеді. Жұмбақтар өмірде кездесетін шаруашылық кәсіпке байланысты, тіршілік тірекке тиянақ болатын, адам көңіл аударатын қажетті заттардың барлығын қамтиды. Бәрін де алғаш жұмбақ етіп, біртіндеп оның құпиясын ашып беруді қажет етеді.
Жұмбақты қолдану баланың ойлау қабілетін дамытудың өте тиіміді өте тиімді тәсілдерінің бірі. Өйткені жұмбақты шешу барысында бала көптеген табиғат құбылыстарын салыстырмалы түрде бейнелеуге үйренеді «Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды» деп бұлттан шыққан күннің көзін ақ жібектен салыстырып, бұлтты ақ сандыққа теңестіру арқылы баланы қоршап отырған заттардың табиғат құбылыстарына ұқсас келтіреді. Бұл ойлаудың өте күрделі түрі ассоцияциялық байланыстар құруды талап етеді.
Жұмбақтардың тағы бір пайдалы жағы, ол әр баланың өз бойындағы құпияны шештіру арқылы, оларға өмірді танытады. Қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстарға зер салуға, соның себебін іздеп табуға үйретеді. Сондықтан балалар жұмбақтарға өте үлкен қызығушылық білдіреді. Жұмбақ қара сөз түрінде де, өлең түрінде де болады.
Бірнеше мысалдар келтірсек:
Жабық астында жарты күлше. (Ай).
Отқа жанбас, суға батпас (Мұз).
Басына үлпілдетіп таққан шашақ,
Бұралып тал шыбықтай тұрған жасап. (Қамыс).
Қар астында қыстады,
Жасылмен бөрік тыстады. (Бәйшешек).
Бұл жұмбақтар балаларды табиғат маусымдарында кездесетін ерекшеліктермен таныстыра отырып, олардың әсем, әдемілігін, түр-түсін, т.б. ерекшеліктерін тани білуге, сезімталдықпен қабылдауға үйретеді.
Аталған тәсілдерді сабақ үстінде дидактикалық ойын ретінде қолданылады. Ойын-ойлау процесін дамытуға қолданылатын тиімді тәсіл.
Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға қабылдау, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытуға арналған ойындар
Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға қабылдау, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытуға арналған ойындар
Дайындаған: Жеңісова Ж.Қ.
Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар
Гүл
Балалар әр жерде отырады. Жүргізуші: балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлдерміз. Күн шықты, гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді (қолдарын созады). Кенеттен баяу жел соға бастады, гүлдер желмен жан-жаққа шайқалады (қолдарын жан-жаққа шайқайды). Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды, гүлдер тоңып, бүрісіп жабылады (қолдарын тізелерінің үстіне қойып бүрісіп отырады). Бір уақытта қайтадан күннің көзі күлімдеп шыға бастады, сол уақытта гүлдер де, құлпырып, жайнап ашыла бастайды (балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады).
Ұқсас суретті тап
Мұғалімнің алдында қос-қостан бірнеше суреттер болады. Олар: екі шырша, екі қайық, екі жапырақ т.с.с. Осы суреттердің бірнешеуін тақтаға іліп осыған ұқсас геометриялық пішіндерді қораптан таңдап алып салыстырып, ұқсастығын, пішінін, түр-түсін сипаттап әңгімелеп береді.
Әр түсті заттар
Жүргізуші балаларға белгілі бір түсті атайды. Балалар сол түске сәйкес заттың атын атап беруге тиісті. Шеңбердегі отырған балалар кезекпен жауап беріп отырады. Мысалы: қызыл алма, сары балапан т.с.с.
Есте сақтауға арналған жаттығулар
Сиқырлы саусақтар
1. Таң қалу (екі қолдың бас бармағын көтеру).
2. Өзіңді көрсету (бір саусақпен).
3. Сәлемдесу (қолды жоғары көтеру).
4. Қорқыту (сұқ саусақпен).
5. Жеңіс! (екі қолды жоғары көтеру).
Менің елім
1. Қай елде тұрасыңдар?
2. Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?
3. Біздің қаламызда немесе ауылда қандай көшелер бар?
4. Сен қай көшеде тұрасың?
5. Ел, жер, Отан туралы қандай мақал-мәтел білесің?
Сөз моншақтар
Жүргізуші балаларға бір сөз айтады, ол сөздің басында қандай әріп есітілетінін сұрайды. Соңғы әріпке сәйкес келесі сөз ойлап оны бала жалғастырады. Осылайша «жіпке тізген моншақтай» сөз моншақтарын тізіп айтуға жаттығады. Қай бала көп сөзді есінде сақтап, көп сөз ойласа, сол бала жеңіске жетеді, ол жаңа сөзді өзі бастап ойынды жүргізеді.
Зейінді тұрақтандыруға арналған жаттығулар
Шапалақ
Балалар шеңберге тұрып қолдарын созады. Тәрбиеші 3 деген кезде, барлықтары бір уақытта қолдарымен шапалақ соғуға тиісті.
Балалар сендердің көңіл-күйлерің қандай?
Сендер көңіл-күйлеріміз жақсы дедіңдер. Енді осы жақсы көңіл-күйлеріңді көрсетіңіздерші.
1. Көңілді болғанда не істейміз?
2. Ренжігенде...
3. Қорыққанда...
4. Қуанғанда...
5. Таң қалғанда...
Шапалақты тыңда
Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші алақанын соққанда балалар бір аяқпен, екі рет шапалақтағанда қолдарын екі жаққа созып, үш рет шапалақтағанда жүруін жалғастырады.
Қанша дыбыс естідіңдер?
Жүргізуші бірнеше рет қарындашпен үстелді соғады. Ал, балалар естіген дыбыстарын саусақпен көрсетеді.
Ойлауды дамытуға арналған жаттығулар
Логикалық есеп
Балалар ауызша есепке жауап береді.
1. Айгүлдің алдында 3 зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады?
2. Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды?
3. Қоянға, түлкіге, аюға үш түрлі жалауша жасап берді – қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да, көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай?
4. Бөлмеде 2 орындық тұр. Әр қабырғаның жанында бір-бір орындық болуы үшін сол орындықтарды қалай қоюға болады?
Болған жағдайды бағалау
Балаға белгілі бір суреттегі жағдайды көрсетіп мазмұнын әңгімелеуге тапсырма береміз. Балалармен сол жағдайдың қойылымын көрсетуін сұраймыз. Осы жағдай туралы баланың пікірін сұрап дәлелдеп беруге үйретеміз. Іс-әрекеттің дұрыс-бұрыстығына өз ойын айту.
Көңілді сөз
Балалар шеңбермен отырады.
Барлық отырғандар кезекпен өзінің қасында отырған адамға қарап көңіл көтеретін бір сөз айтады.
Сөзді айтқан уақытта сол баланың көзіне қарап айту керек. Мысалы: (сен бүгін әдемісің, сенің көйлегің қандай әдемі т.б.).
Өз іс-әрекеттерін бақылау
Қазір біз бір жаттығу орындаймыз. Мұнда біз отбасы мүшелерінің үйдегі іс-әрекеттерін көрсетеміз (біреуі әже болады, ол жүн шұлық тоқиды, анасы сәбіз турап жатыр, атасы газет оқып отыр, әкесі қолына балға мен балта ұстап орындықты жөндеп жатыр, қызы ойнап жүр т.б.)
Отбасы мүшелерінің үйде атқаратын іс-әрекеттері немесе жұмыстары бар. Әркім бір-біріне көмектесе отырып өз жұмыстарын істесе, отбасында татулық, тыныштық, береке, бірлік болады.
“Бірлік болса – тірлік болады” деген мақал тегін айтылмаған. Барлығы бірлесе отырып тірлік жасау керек екен.
Негізгі бөлім: Әр адамның отбасы бар. Мен өзімнің отбасымдағы адамдарды сызба сурет бойынша былай жасадым. Отбасы мүшелері ер адам және әйел адам болып екіге бөлінеді. Қазір сендер өз отбасындағы адамдарды сызба сурет бойынша белгілеп салып беріңдер. Салып берген соң мен сияқты әңгімелеп бересіңдер.
Қиялды дамытуға арналған жаттығулар
Менің көңіл-күйім
Суреттегі әр түрлі көңіл-күйдегі баланың бет-бейнесінің арасынан біреуін таңдап алу. Сол суретке сәйкес мысал келтіріп әңгімелеп беру керек.
Не істер еді?
Жүргізуші балалармен ертегі мазмұны бойынша және күнделікті кездесетін әр түрлі жағдайлар туралы әңгімелеседі. Әңгіме барысында кездескен қиындықтар мен кездейсоқ жағдайлардан шығудың жолдарын өздері ойланып табады. Мысалы: мақта қызға ағаш жапырақ бермесе не істер едің? Бауырсақты түлкі жеп қоймаса не істер едің? Алдар көсе байды алдай алмаса не істер едің? Кішкентай бала сүрініп құлап қалса не істер едің? Сен орманға барғанда адасып қалсаң не істер едің, т.б.
Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар
Ине мен жіп
Жүргізуші: Мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер.
Сендер менің артымнан бір-бірлеріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.
Не үлкен?
Отырған балаларға жүргізуші сұрақ қояды. Орындықтан не үлкен? Балалар кезекпен заттарды атайды. Ойын ойнаған кезде жүргізушіге атаған заттарды қайтадан айтуға болмайды және балаларға қайталауға болмайды. Кім екі рет шатасса ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады.
Сиқырлы қапшық
Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады. Үстелдің басында сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әртүрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды кезекпен шақырып қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. Мысалы: екі доп, екі машина т.б. Балалар қолымен заттарды сипап, бірдей затты тауып алған соң сипаттап айтады. Айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарады, ойын осылайша жалғасады.
Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар
Мен жеңімпазбын
Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан 1 санға кем болуы керек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, мен жеңімпазбын деп айтуы керек.
Құлақ-мұрын
Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: құлақ – деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып атайды.
Өз орныңды тап
Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.
Дайын бол
Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс-қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, құс – ұшады т.с.с.
Зейінді бол
Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші әр түрлі қимыл-қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталап тұрады. Жүргізуші ескерткен қозғалысты, мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып, жеңімпаз жүргізуші болады.
|
3 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ФОНЕМАТИКАЛЫҚ ЕСТУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ҮШІН АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР
«Кім солай сөйлейді?»
Мақсаты: жануарларды дауысынан айыра білуге және дауыстарын еліктеуге үйрету.
Құрал: Доп
Ойын барысы: ойынға 4-5 бала қатысады. Балалар жарты дөңгелекке турады, ортасында доппен тәрбиеші турады. Балаларға доп лақтырып бір жануарды атайды. Бала допты қағып ап сол жануардың дыбыстауын еске түсіру керек. Немесе допты лақтырып : «Ит қалай үреді көрсетші»
«Кім сені шақырды, тап»
Мақсаты: басқа адамды дауысынан танып үйрету.
Құрал: арнайы құрал керек емес.
Ойын барысы: 3 адамнан кем адам қатыспайды. Біреуі ортаға турып көзін жұмады. Тәрбиеші көрсеткен бала, ортада турған баланы шақырады. Бала шақырған адамды дауысынан танып табу қажет. Таныса шеңберге турады – шақырған бала ортаға турады.
«Бес санына шапалақта»
Мақсаты: Беске дейін санап және әрекетті тәрбиешінің ұсынысы бойынша орындап үйрету.
Ойын барысы: ойында екеулеп және топпен ойнауға болады. Тәрбиеші балаға қарама –қарсы отырып айтады «қазір мен 5 дейін санаймын «бес» деген кезде сен бір рет шапалақтайсын»
«Бұл не қылған дыбыс»
Мақсаты: Баланы бір дыбысты бір дыбыстан және сөздің басындағы дыбысты ажыратып үйрету.
Құрал: Бірдей дыбыстан басталатын суреттердің аттары.
Ойын барысы: Ойынға 3-5 балаға қатысуға болады. Ойыншылар үстел басына отырады, тәрбиеші балаларға суреттерді көрсетіп атайды. Балалар зейінді тыңдап сөздегі бірдей дыбыстарды танып білу қажет. Табылған дыбыс нақты айтылу қажет. Мысалы: ааапа, аана, ааайна, ааалма.
4 -5 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ФОНЕМАТИКАЛЫҚ ЕСТУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ҮШІН АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР
«Тында да айт»
Мақсаты: айналадағы заттардың дыбыстарын бір-бірінен ажырата білуге үйрету, фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Құрал: ағаш, металл қасықтар, доп, қағаз, кітап,суы бар стақан, қоңырау, кілттер.
ІІ нұсқасы ретінде музыкалық аспаптарды пайдалануға болады.
Ойын барысы:
Жеке және топпен ойнауға болады. Ең алды балалар үстелдегі заттарды қарап алады. Сосын тәрбиешіге теріс қарап отырады, ал тәрбиеші заттардың дыбысын шығарады, балалар дыбысты танып толық жауап береді : «Бұл қоңыраудың сыңғыры» т.с.с.
ІІ-нұсқа.
Заттардың орнына музыкалық аспаптар пайдаланады. Балалар аспапты дыбысынан таниды.
«Зейінді дыңда»
Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін, есту өткірлігін дамыту.
Ойын барысы: Ойын 4-5 баламен өткізіледі. Доңгеленіп отырады. Тәрбиеші жай дауыспен балалардан тапсырманың орындауын сұрайды, содан кейін осы тапсырманы орындайтын баланың атын сыбырлап айтады. Егер бала өз атын естімесе, басқа баланың атын айтады.
«Шапалақта»
Мақсаты: Фонематикалық қабілетін дамыту, әрекетті ересектің ауызша инструкциясы бойынша орындап үйрету.
Ойын барысы: ойынды 1 баламен де, топпен де өткізуге болады.
Тәрбиеші онға дейін санайтынын айтады, ал балалар «он» дегенді естігенде шапалақтау қажет. Тәрбиеші 1-2 рет дұрыс санап, сосын шатастырып санайды, ба-р тек қане «он» сөзіне шапалақтау қажет. Қателескен б-р ойыннан шығады.
«Естігенде шапалақта»
Мақсаты: Дыбыстардың арасынан берілген дыбысты ажырата білуге үйрету, фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Ойын барысы: Берілген дыбысты естігенде шапалақпен белгілеу. Тәрбиеші ең алды жеке дыбыстарды айтады, сосын буындардын арасынан берілген дыбысты белгілейді.
ІІ –нұсқа
Үйренгеннен кейін дыбыстарды сөздердін арасынан, сөзтіркестердің, сөйлемнің арасынан естіп шапалақпен білгілеу.
«Бірінші дыбысты ата»
Мақсаты: Сөздегі бірінші дауысты немесе дауыссыз дыбысты белгілеп үйрету, фонематикалық естуді дамыту.
Ойын барысы: Тәрбиеші сөздерді айтады бірінші дыбысты дауыспен белгілеп айтады. Дауысты болса: созып, дауыссыз болса: нақты, күшпен айтылады.
«Соңғы дыбысты тап» деген ойын дәл осылыай ойналады тек қана соңғы дыбысты белгілеп табады.
«Ұйқтама, сөзді тез ата»
Мақсаты: фонематикалық есту қабілетін дамыту, бастапқы дыбысты басқа дыбыстардан ажырата білуін және басқа сөздегі осы дыбыстармен сәйкестіруін дамыту. Баланың сөздік қорын молайту.
Құралдар: бір дыбыстан басталатын суреттердің атаулары: 2-3 нұсқасы
Ойын барысы: Бұл ойынды балалармен, олар бірінші дыбысты анықтап үйренгеннен кейін ойнауға болады. Cуретті көрсетіп қандай дыбыстан басталатынын сұрау. Сосын осы дыбыстан тағы басталатын сөздерді атаңдар.
«Қайтала»
Мақсаты: Есту зейінділігін , фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Құралдар: даңғыра, дауылпаз.
Ойын барысы: Ойынды топпен де жеке де ойнауға болады. Балалар көздерін жұмады, тәрбиеші аспаппен ритмді соғады. Балалардан қайталауын сұрайды, балалар шапалақпен қайталауы қажет.
«Сөзді айқтап көмектес»
Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, жетіспейтін дыбыстарды жалғастыру.
Құралдар: Заттық суреттер
Ойын барысы: Балалардың алдына бір-бірден суреттерді орналастырады, содан кейін сөздің соңғы дыбыстарын аяқтамай айтады. Бала суретке қарап сөзді аяқтау керек. Ойынды қиындатуға болады: сөзді суретсіз аяқтау, немесе берілген дыбыспен, буынмен аяқта. Қал-та, бал-та, мал-та, ба-та, қа-л, ма-л, ша-л, ба-л.
«Дыбыс қайда тығылды»
Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, сөздегі дыбыстын орнын анықтау.
Ойын барысы: Ойынның алдында балаларға сөздің басы, ортасы, соңы бар екендігін түсіндіру қажет. Сосын тәрбиеші сөздерді айтады, ал балалар берілген дыбыстын орнын анықтау керек.
«Тізбек »
Мақсаты: Сөздің бірінші және соңғы дыбысын ажыратып үйрету.
Құралдар: Заттық суреттер
Ойын барысы: Бірінші суретті орналастырады, содан кейін сонын соңғы дыбысына басталатын суретті қояды т.с.с жалғастырады. Ара- алма- автобус-сабын- нан
«Суретті таңда»
Мақсаты: Берілген сөзге суретті тауып көрсету.
Құралдар: Берілген дыбыстан басталатын сөздері бар заттық суреттер, басқа дыбыстардан басталатын бір-неше суреттер.
Ойын барысы: Ойынның алдында заттық суреттерді үстелге орналастыру, балалар қарапалсын. Сосын тапсырма беріледі бір дыбысқа барлық суреттерді жинастыру. (қалта, ақша, аққала т.с. с)
«Суретті тіз»
Мақсаты: Сөздегі бірінші дыбысты анықтап үйрету.
Құралдар: Әр-түрлі дыбыстан басталатын заттық суреттер, әр дыбысқа бір неше суреттер.
Ойын барысы: Тәрбиеші баланың алдына суреттерді қояды да атайды, сосын оларды бірінші дыбысына қарай топтастыруын сұрайды.
(С) – сабын, сүлгі, сурет, сиыр, сарымсақ
(П) – пальто, піл, пияз, парақ, парта. Т.б
«Дыбысты ата»
Мақсаты: Сөздегі бірінші, соңғы дыбысты белгілеп үйрету.
Құралдар: Барлығында бір дыбыс бар заттық суреттер
Ойын барысы: Тәрбиеші суреттерді атап көрсетеді. Балалар тыңдап барлық сөздердегі дыбысты атайды. Және осы дыбысқа өзінің мысалдарын келтіріед
«Керікті сөзді көрсет және ата»
Мақсаты: Есту зейінділігін, фонематикалық қабылдауын дамыту; балаларды сөзде дыбыстарды естіп, дыбыс жұптарын ажыратуға үйрету (с – з, с – ц, ш – ж, ч – щ, с – ш, з – ж, ц – ч, с – щ, л – р), сөйлемдерде керекті сөздерді дұрыс белгілету
Ойын барысы:
Тек қана берілген дыбыстары бар сөздерді белгілеу
С Асқат пен Мақсат
Жамап – жасқап,
Жасапты он шақты аспап,
Соның ішіндегі
Ақ сапты аспабы
Жап – жақсы аспап
З Сыздық судан сүлік сүзді,
Сыздықтың сүлік салмасын үзді.
Салмадан сүлік сытылып шығып,
Суға түсіп, сумаңдап жүзді.
«Кім жақсы тыңдайды?»
Мақсаты: Есту зейінділігін, фонематикалық қабылдауын дамыту: балаларға сөздегі дыбыстарды естіп ажыратуға, сөйлемде керекті сөздерді дұрыс белгілеп үйрету.
Ойын барысы:
1 – нұсқа.
Екі баланы шақырту. Бір-біріне арқаларымен тұрғызу, топқа қырынмен, тапсырма беріледі: «Мен сөздерді айтам, ал Мақсат тек ш дыбысын естігенде қолын көтереді, ал Жансая ж дыбысын естігенде» балаларға тапсырманы қайталату. Балалар дұрыс жауаптарды санайды, қате жауаптарды белгілейді. Педагог сөздерді шағын интервалмен атайды (барлығы 15 сөз: 5 – ш дыбысымен, 5 – ж дыбысымен, 5 –керекті дыбыстар жоқ).
Сөздер: шапка, айна, жылқы, түлкі, шана,ожау, тышқан, қонжық, кітап, ешкі, жаңғақ, күшік,орындық, жұмыртқа, құлып.
Қалғандары балалардың жауаптарын қадағалайды, қателерін дұрыстайды. Соңында ең зейінді баланы белгілейді.
2 – нұсқа.
Екі баланы шақырту. Бір-біріне арқаларымен тұрғызу, ш-ж дыбыстарына қолдарын көтереді, ал балалар осы дыбыстарға сөздер ойлап табады. Ойынның соңында жеңімпазды атайды.
3 – нұсқа.
Екі балаға берілген дыбысқа сөздер жинақтату. Біреуіне ш дыбысымен, екіншіге ж дыбысымен. Сөздерді ең көп және дұрыс атаған бала жеңеді
«Сөздер дауыстап және ақырын айтылады»
Мақсаты: Дауыс аппаратын және сөйлеу тілінің есту қабілетін дамыту: сөздерді жылдамдығына дауыс жоғарылығына қарай естіп ажыратуға үйрету, әр жылдамдықпен дауыс жоғарылығымен айтып жаттықтыру.
Ойын барысы:
Балалар жаңылтпашты жаттайды (жаттықтырған дыбысына байланысты). Мысалы с-з дыбысына дифференциация жасағанда:
Сыздық судан сүлік сүзді
Сыздықтың сүлік салмасын үзді.
Жаңылтпашты ең алды сыбырлап, сосын ақырын дауыспен, сосын қатты дауыспен айтуын ұсынады.
Тағы да дауысты жаттықтыру үшін тақпақтарды, бұынұйқастарды, санамақтарды пайдалануға болады.
«Қандай дыбыс барлық сөздерде бар?»
Мақсаты: фонематикалық қабылдауын дамыту және дыбыстық талдаудың элементтерін: сөзде берілген дыбысты белгілеу, бірінші және соңғы дыбысты анықтау.
Ойын барысы:
Тәрбиеші үш – төрт, барлығында бірдей дыбыс бар, сөздерді айтады: шана, ағаш, күшік, қолшатыр – сұрақ қойылады, барлық сөздерде қандай бірдей дыбыс бар? Балалар ш дыбысын айтады.
Сосын басқа дыбыстарға сөздер беріледі: жаңғақ, ожау, тәж – ж; чемодан, чемпион – ч; асық, сағат, тас, сүлгі – с; аяз, қазық, зембіл – з; лалагүл, лақ, балық, қол – л; ара, арба, раушан, қар – р;
Тәрбиеші дыбыстын дұрыс айтылуын қадағалайды.
«Сөздегі бірінші дыбысты айт»
Мақсаты: фонематикалық қабылдауын дамыту.
Ойын барысы:
Тәрбиеші ойыншықты көрсетіп, оның аты қандай дыбыстан басталатынын сұрайды. Содан кейін басқадай сөздер беріледі: достарының аттары, жануарлар, заттар. Дыбыстардың нақты айтуын қадағалау (дыбысты созбай айтқызу б-бэ емес)
«Сөздегі соңғы дыбысты айт»
Мақсаты: фонематикалық қабылдауын дамыту.
Көрнекі құрал: суреттер (автобус, жаз, қаз, тас, тіс, күз, мұз, тұз, бас )
Ойын барысы:
Тәрбиеші суретті көрсетіп соңғы дыбысты атауын сұрайды. Барлық суреттерді атап өткесін, С дыбысына аяқталатын сөздерді бір жаққа, З дыбысына аяқталатын екінші жаққа бөлінеді.
«Асықпай ойлан»
Мақсаты: Балаларға тез ойлауына бір-неше тапсырмалар беріледі, және сөзде берілген дыбысты анықтаушылығын тексеру
Ойын барысы:
«Бал» сөзіндегі соңғы дыбысқа сөз ойлап табу.
Қар сөзіндегі соңғы дыбысы бар құстың атын есіңе түсір (торғай, тырна, қарға…)
Бірінші дыбысы қ – болғандай, соңғы дыбысы Ш болғандай сөздерді ойлап тап. (Қарандаш, Қәмәш, қамшы, қайшы…)
Егер ТО-ға бі дыбысты қосса қандай сөз болады? (тон, тор, ток, топ) Барлық сөздер бірдей дыбыстардан басталғандай сөйлем құрастыр: ж – Жазда Жанат және Жанар жылғаның жағасында жарысып жүгірді.
Бөлмеде екінші дыбысы а болғандай сөздерді ойлап табыңдар (тарақ, қалта, тарелка, тақта…)
Дауыссыз дыбыстармен жұмыс жүргізу кезіндегі ойын әдістері.
1) Дыбыстың артикуляциясы.
– тіл өз үйшігінде турыпты. Ол ұшақтың әнін үйренгісі келді. Ол күлімсіреп барлық тістерін көрсетті де, үйін кең ашты, дауысын қосты, құйыршығын тез жоғарғы есікке лақтырды суық желді жіберді. Тілі «р-р-р-р» деп ән айтты, құйыршықтың дірілдегенің сезді. Ұшақтың әнін бірге айтайық “ р-р-р”!
2) Дыбысты сөзде танып білу
Тәрбиеші суретті көрсетеді немесе сөздерді айтады. Ал балалар р дыбысы бар сөздерді танып біледі: шапалақтайды немесе қолдарын көтереді, сосын бірге айтып өтеді.
3) Буынұйқастар :
. ра-ра-ра – ұшып жүр ара; ар-ар-ар – дала толы қар; ыр-ыр-ыр – үйдың сыртында қыр; ры-ры-ры – жапырақтар сары; ір-ір-ір – үсті – басы кір;
4) Жаңылтпаштар:
Мұртты мұртын сүртті, мұрттыны біреу түртті. Торта қойдым, орта қойдым, орта қойдым, жорта қойдым.
л – р дыбыстарына дифференциация жұмысын жүргізү
1) л – р дыбыстарын белгілеу.
– Балалар естеріңе түсіріңдерші Тіл үндіктің жуан әнін қалай айтады. (“Л-л-л”.) Ал енді мотордың әнін еске түсірейік (“Р-р-р”.)
– Мен сендерге суреттерді көрсетемін, ал сендер л-р дыбыстарын нақты айтасындар.
2) Буынұйқастар:
Ло-ол-ор- торғайға жасадым тор; ло-ло-ро – Мальвинаның досы Пьеро; ал-ар-ал – көл жиегінде тал;
Балалардың дыбысты нақты дұрыс айтуын қадағалау.
3) Сөйлеммен жұмыс.
Сөйлемді тыңдап есіне сақтайды: Гүлге қонды ара. Менің киімім ала. Педагог сөйлемді бастайды, ал балалар аяқтайды. Педагогтың қолы кімге тиді сол бала жауап береді: Гүлге қонды.. . Менің киімім …
4) Жаңылтпаштар:
Қыста боран болар, қар болар, қыздар шәлі, орамал оранар. Қара ала лақ, қара ала лақ. Қара ала лағым қорада бірақ.
5) Мәтінде л – р дыбыстарына сөздерді белгілеу.
Мәтендерді тыңдап отырып керекті дыбысты естігенде қолдарын көтереді.
Аққала
Қыс келді. Дала аяз. Олжас пен Ләйлә жылы тон, колға колғап, мойынға ала бөкібай салып далаға шықты. Олжас пен Ләйлә аулада аққала жасады. Олжас пен Ләйлә көңілді.
Орманда
Жазда Рамазан ауылға барды. Онда Рамазанның Раушан әжесі Арлан атасы тұрады. Арлан атаның қорасы бар қорасында арбасы бар. Арбаға атты жегіп Рамазан мен Арлан-ата орманға барды. Орманда араның ұясын көрді. Раушан әжеге араның балын әкеп берді.
екет
(дамытушы ойын - жаттығулар)
Мақсаты: Көру арқылы қабылдауды дамыту (пішін, көлем). Санау дағдыларын жетілдіру. Жадында сақтауды және ойлауды дамыту. Көріп есте сақтауды дамыту, сөйлеуін дамыту. Ұсақ моториканы дамыту. Қарым - қатынас дағдыларын жетілдіру.
Әдіс - тәсілі:- психожаттығу
- сюжетті - рөлді және басқа да ойындар
- топтық жұмыс
Керекті құралдар: сары түсті қарындаштар, суреттер, тақта, пішіндер, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, қорап, кірпі, шелектер.
Барысы: Амандасу Ортақ шеңбер
Жүргізуші: Бәріміз бір - бірімізді көріп отыратындай, дөңгелене отырайық. Енді бір - біріміздің көзімізге қарап, бәріміз амандасайық. Жүргізуші көзімен бәріне қарап, басын изеп, қолын көршісінің иығына тигізеді.
Жүргізуші: Балалар, бүгін бізге ертегі кейіпкерлері қонаққа келіпті. Ол қандай ертегі екенін білесіңдер ме?
Балалар: Жоқ
Жүргізуші: Ертегінің кейіпкерлері мына терезелердің ішіне жасырынып қалыпты. Плакат геометриялық пішіндердің суреттері салынған терезе сияқты ашылады.
Жүргізуші: Кімдер тығылды екен? Төртбұрышты көрсетіп. Мынау қандай пішін?
- Төртбұрыш
Жүргізуші: Неше төртбұрыш?
- Екеу
Жүргізуші: Өлшемдері бірдей ме?
- Біреуі үлкен, ал екіншісі кішкентай
Жүргізуші: Үлкен төртбұрышты ашып. Мынау кім?
- Ата
Жүргізуші: Кішкентай төртбұрышты ашып. Мынау кім?
- Әже
Жүргізуші: Ата мен әже туралы жақсы сөздер айтыңдаршы.
Балалардың жақсы жылы - жылы сөздері.
Жүргізуші: Мынау қандай пішін?
- Дөңгелек
Жүргізуші: Неше дөңгелек?
- Екеу. Біреуі үлкен, ал екіншісі кішкентай.
Жүргізуші: Үлкен дөңгелекті ашып. Мынау не?
- Терезе
Жүргізуші: Кішкентай дөңгелекті ашып. Мынау не?
- Бауырсақ
Жүргізуші: Бұл қандай ертегі екен?
- Бауырсақ
Жаттығу: Үлкен - кішкентай
Бауырсақтың домалап келе жатқанда жолында кездескен аңдарды сұрап, олардың қимыл - қозғалыстарын жасау.
Балалар, бауырсақты түлкі де жей алмады, себебі бауырсақ домалап қашып кетті. Бәріміз бауырсақты табайықшы.
Жаттығу: Көзге арналған.
Жоғары - төмен,
Оң - сол.
Көбелектің артынан,
Айнала қарайық.
Жүргізуші: Шаршадыңдар ма, балалар? Отырып дем алайық.
Жаттығу: "Қуыршақ"
Демалып болсақ, бауырсақты іздестіруді жалғастырайық. Жолда кірпіні кездестіру. Кірпі бізбен ойын ойнағысы келіп тұр.
Ойын: "Кірпіні тап"
Мақсаты: Қабылдауды дамыту.
Кірпінің жасырынған жерінде ойын - тапсырмалар бар екен. Соларды орындайық.
Ойын: Жұбын тап
Мақсаты: Ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойын: Өз орнына қой
Мақсаты: Зейінді дамыту. Балаларға бауырсақтың суретін бояту. Балалар, кірпі бізге бауырсақты табуға көмектесті. Кірпіге рахмет айтайық. Енді кірпімен ертең ойнаймыз.
Сау болыңдар!
Баланың қол моторикасын дамытуға арналған ойындар
1.Тамшуырмен тапсырма
Бұл тапсырма үшін сізге тамшуыр мен орташа сұйық затты құюға арналған сыйымды ыдыс қажет. Өз жұмысында мен ваннаға арналған емізікті қолдандым. Егер оларды екінші жағына аударса, онда емізікке түрлі-түсті суды тамшуырмен тамызуға болады.
2. Кішкентай қысқышпен тапсырма
Сол ойыншықтарға кішкентай қысқышпен моншақтарды салуға болады.
3. Кішкентай заттарды сұрыптау
Сұрыптау пішініне, түріне, түсіне, көлеміне қарай ажыратылады. Мысалы, моншақтар.
4. Помпон мен кішкентай қысқыш
Помпондарды кішкентай қысқыш арқылы мұзға арналған пішіндеуішке салу.
5. Помпон мен қысқыш
Қысқыш арқылы шөлмекке помпондарды салу керек
6. Кірқыстырғышқа ілінген қуыршақтың киімі
Ұсақ моториканы дамыту үшін қуыршақтың киімін немесе мата кесектерін жіпке ілу.
7. Бір қорап қыстырғыш
Қыстырғышты жіпке ғана емес, сонымен қатар картон қорабына да қыстыруға болады. Оған сыйлықтан қалған қорап немесе аяқ-киім салуға арналған қораптар да жарайды. Бұл тапсырманы қызықтырақ ету үшін мен қорапқа әріптері жазылған дөңгелек стикерлерді жабыстырдым. Сондай әріптерді мен қысқышқа да жазып қойдым. Тапсырманың мақсаты қысқыштағы әріпті қорап ішіндегі әріпке сәйкестендіріп қыстыру. Әріптерді сонымен қатар сандармен немесе геометриялық фигуралармен ауыстыруға болады.
8. Болт пен гайка
Бұл тапсырма үшін үлкен пішінді болт пен гайка керек болады. Тапсырма: гайканы болтқа орап кигізу.
9. Тескішпен тапсырма
Картоннан кез келген фигура кесіп алу керек. Кесілген фигураның бойымен тескішпен тесік жасалады. Енді түсті бау немесе лента алып кигізу керек.
10. Коктейлге арналған трубка
Коктейлге арналған түрлі түсті трубканы кішкентай бөлшектерге бөлу керек. Тапсырма бойынша бұл бөлшектерді кері қарай жіпке тізу.
11. Моншақ
Моншақты жіпке тізу ұсақ моториканы жақсы дамытады.
12. Үрме бұршақтан сурет
Картон бетіне бала сурет салады, мысалы адам суреті. Одан кейін желімді қарындашпен бояған жерін желімдейді де үрме бұршақты жабыстырады. Үрме бұршақ сияқты кішкентай затпен жұмыс жасау қолдың білегі мен бұлшық етін дамытады.
13. Тұқымды сұрыптау
Кішкентай қысқыш арқылы әр түрлі өсімдіктердің тұқымдарын сұрыптау керек.
14. Мозайка
Мұғалім алдын ала түрлі түсті жұқа қағаздың кесіндісін дайындайды. Бала оны қолына ұсақ бөлшектерге жыртып мозайка құрып оларды желімге жаға отырып қайта мозайка құрайды. Бұл жаттығу әсірісе қайшымен қолдана алмайтын балаларға қолайлы.
15. Скрепкалар
Жұмыс істеу үшін сізге түрлі түсті қағаз керек болады. Бала бір түсті қағаздарды бір бумаға жинастырады.
16. Түсті құм
Бала кез келген кескін суретін қарапайым қағазға салып оны желіммен жағу. Осыдан кейін, саусақпен құмды алып, онымен суреттін өзін толтыру. Желімнің кебуіне уақыт беру. Сонында суреттен қалған құмдарды қағып жіберу.
17. Жіпке тізу
Алдын ала ұсақ ойыншақтарды және жәндіктерді дайындау. Сонымен қатар сізге ақ жіп қажет болады. Алдымен бала жәндіктердің фигураларын жіппен орап,кейін жіпті қайтадан орамаға орайды. Осы тапсырмада жіптер өрмекшінің торының орнына болады, соны пайдалана отырып балаға өрмекшінің қорегін қалай аулайтынын айтуға болады.
18. Сұйықтықты құю ғана емес
Баланы бір ыдыстан келесі ыдысқа сұйықтықты құюды үйрету. Бірақ тұқымдарды сұрыптаудан бастаған жөн. Мысалы бұршақ. Осыдан кейін құмды, содан кейін суды құюға үйрету.
19. Конструктор және ермексаз
Конструктормен және ермексазбен жұмыс істеу ұсақ моториканы дамытады деген барлығына мәлім.
1.пирамида, мозайка жинау
2.сақиналарды жіпке тізу
3.түймені салу, сылдырма ілгекті ағыту оқу құралымен жұмыс
4.тындарды сұрыптау
5.бұршақтарды сұрыптау
6.сіріңкемен жұмыс
7.қағаздармен жұмыс
8.илеу (балшық, ермексаз, нанды)
9.аяқ киімнің бауын байлау
10.түйіндерді жуан жіпке байлау
11.құммен, сумен ойнау
12.жіңішке жіпті өз саусағына орау(сақина шағады)
13.гайканы ширату
14.конструктормен, кубиктармен ойнау
15.ауада сурет салу
16.әр түрлі заттармен сурет салу (қарындашпен, қаламмен, бормен, бояғыштармен және т.б.)
17.қолөнер
Достарыңызбен бөлісу: |