2 Сөз дыбыстарын дұрыс айту. Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс дем шығара білуге үйрете отырып, дауыссыз қатаң, ұяң дыбыстарды естілуіне қарай дұрыс, анық айтуға үйрету, 3-4 сөзден тұратын сөйлем құрату.
3. Байланыстырып сөйлеуін дамыту. Күнделікті сабақта естіген, білгенін, ойын, серуен кезінде көрген түйгенін, сурет және оқылған ертегілер мазмұнын ұнатқан ойыншықтары жайында ауызша сұрақ қоя отырып, әңгімелей отырып, қысқа ертегілердің кейіптендіре білуге үйрету. Мысалы: «Түлкі мен ешкі» ертегісінде: Түлкінің терісі қандай? (үлпілдек) тағы нелер үлпілдек болады? (қар, шапан, тымақ, мысықтың жүні, кілемнің беті) Ешкінің түсі сұр болған, тағы нелер сұр түске жатады?
-Құдықтың суы қандай болады?–Мұздай. Тағы нелер мұздай болады? (мұздай су, мұз, суық жел, қар, су, мұз жатады)
Қазіргі таңда мектепке дейінгі орындарда инновациялық технологияны ендіруге көптеп күш жұмсалады. Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардың негізгі міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу, жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Мектепке дейінгі білім беру орындарында, педагогикалық технологиялар мектепке дейінгі білім беру стандартын жүзеге асыруға бағытталған.
Педагогикалық технологияда ең маңызды жағы білім беру мен тәрбие жүйесінде ересектер мен балалардың қарым-қатынасы болып табылады. Қарым-қатынас жасауда үлкендер жағынан балаға мынадай жағдай туғызу қажет:
«Бала біздің болашағымыз, қоғамыздың азаматы».
Оның мақсаты: Баланы жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Қазіргі таңдағы білім беру технологиясының қатарына мыналар кіреді:
-Денсаулық сақтау технологиясы.
-Жобалы-іс шығармашылығы.
-Ізденіс-шығармашылық технологиясы.
Триз жүйесі бойынша шығармашылық әңгіме барысында қалыпсыз тәсілдерді қолдану.
Тіл үйретуде ең басты міндет-балалардың сөйлеу тілін жетілдіру. Балалар тілдің грамматикасын білу арқылы бір-бірімен сөйлесуді,сұрақ қоюды үйренеді. Диалогтың және монологтың жеке тұлға үшін атқаратын қызметтері бір арнаға тоғысып жатады баланың танымдық қабілетін, жалпы тәрбиелік деңгейінің дамуына әсер етеді. Диалог пен монологтардың тіл үйренуші үшін маңызы өте зор. Күнделікті бала өмірінде жиі қолданыста жүрген сөздерді пайдалана отырып сөйлесу тілді тез меңгеруге мүмкіндік береді. Диалог пен монологтарды сурет бойынша, техникалық құралдар және ойын элементтері арқылы құрастыруға болады.
Қатынас білім саласы үш түрлі жолмен іске асырылады:
1.Жеке.
2.Жұптық.
3.Топтық.
Достарыңызбен бөлісу: |