Жұптық оқыту. Жұптық оқыту қалпында тілдік қатынас екі баланың арасында жүреді. Онда негізгі мақсат-екі баланың өзара тілдесу ерекшеліктеріне, тілді білу дәрежесіне т.б. сүйене отырып іске асырылады. Мұнда балалар екі-екіден жұпқа бөлініп, әр жұп жеке тапсырмалар бойынша жұмыс істейді де, олардың сыңарлары бір-бірімен отырады. Жұптық қалыппен тілді үйретудің ерекшелігі:ол диалог арқылы жүзеге асады да, тілдік қарым-қатынастың ауызша түрін дамытуға себін тигезеді. Бұл қалып бойынша бүкіл тілдік материал диалогтың негізіңде меңгеріледі.
Топтық оқыту. Балаларды топтарға бөліп сабақ өткізу балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсартады, дұрыс сөйлей білуге жағдай жасайды, балалардың білімін жетілдіреді, әр түрлі мінез-құлықтағы адамдармен пікір алмасуға үйретеді, топтар арасында бала өзінің жеке-дара қасиетін көрсетуге мүмкіндік алады.
Ұжымдық оқыту. Тіл үйренудің ұжымдық формасы дегеніміз- үйренушінің бүкіл топтағы адамдардың әрқайсысымен жеке сұхбаттасы арқылы олардың екеуінің бір-бірін үйретуі, оқытуы,адамдардың бірінен- екеуінің үйренуі; пікір алмасуы және әр жұп сыңарларының ауысып отыруы нәтижесінде бүкіл ұжым мүшелерінің түгел қамтылып әрі жұптық: әрі топтық тілдік қатынастың жүзеге асуы. Сабақта балалардың коммуникативтік сөйлеуі,тіл дамытуы көрнекілік әдісі,ойын әдістер арқылы іске асады.
Сөздік жұмыстарын өткізбей тұрып, жалпы символдардан бейнелерді меңгерту керек, мұнда мнемокесте үлкен роль атқарады.
Мәселе:
- Орыс тілді балалардың қазақ тілінде сөздік қоры аз болуында
- Сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айта алмауы
- Қойған сұрақты түсінбеу, қазақша дұрыс жауап бере алмауы үйренген сөздерді пайдаланып сөйлемді дұрыс құрастыра алмауы
- Жай, жайылма сөйлемдерді құрастырыра алмауы
- Байланыстырып сөйлеуге, (4-5 сөйлемдік) әңгіме құрастыра алмауды
- Қазақ ертегілерін, тақпақтарды, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды тыңдап түсінуге, жаттап алмауы
- Өз ойыншықтары, отбасы, киімдері т.б. туралы бір- біріне сұрақ қойып, жауап беруге білмеуі.
Мнемокесте–есте сақтау қабілетін жеңілдететін және қосымша ассоциацияларды құраумен есте сақтау көлемін кеңейтетін әр түрлі тәсілдердің жүйесі.
Қорытындылай келе, мектепке дейінгі балаға берген білімнің нәтижесінде олардың болашақта сөздік қорының мол әрі сауатты азамат болуларының негізі осында қаланатынын біз әрдайым ұмытпауымыз қажет.
Пайдаланылған әдебеттер тізімі
Баймұратова Б. Мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеуге үйрету. – Алматы: Мектеп, 1981.
Жұманбаева Г. Балабақшадағы ойын әрекеттерінің тиімділігі.// Педагогика жаршысы (Педагогический вестник). - 2015. – №3 (59). - 46 бет.
Федеренко Л.П., Фомичева Г.А., Лотарев В.К. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы. - А.: Мектеп, 1981.
Достарыңызбен бөлісу: |