коэффициент платежес пособности (1. банкінің меншікті активтерінің оның міндеттемелеріне қатынасы, 2. сақтандыру компаниясының таза активтерінің өмірді сақтандырудан басқа барлық сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру сыйлықасы түрінде алатын табысына қатынасы)
Егер төлем қабілеттілігі коэффициенті 1-ден артық болса, бұл корпорацияның төлем қабілеттілігін жуық арадағы 3 ай жоғалтпайтындығын көрсетеді. Ал төлем қабілеттілігі коэффициенті 1-ден төмен болса, оның төлем қабілеттілгін жоғалтуы мүмкін, яғни кредиторлардың алдында міндеттемесін өтей алмайды. Корпорацияның төлем қабілеттілігін жоғалтуының нақты қаупі төніп тұруына байланысты, ол корпорациядарды қайта құру жөніндегі органдарда тиісті тіркеуге тұрғызылады
Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік : кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарға айналуға дайындығы мен жылдамдығы. Өтімділіктің екінші тұжырымдамасымен келісе отырып біз, өтімділік кәсіпорынның міндеттемелерін ақшаға айналу уақыты міндеттемелерін өтеу уақытымен сәйкес келетін активтерімен жабу дәрежесімен анықталады деп санаймыз
Баланс өтімділігін талдаудың мәні- активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелерін салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, — өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төмендегілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарлату тәртібі бойынша болады
Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады:
А1 > П1 А2 > П2 А3 > П3 А4 < П4
Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.
Достарыңызбен бөлісу: |