Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар таратылуда
Бұл сабағымның оқушылар мүмкіндігінің артуына, белсенділікпен жұмыс істеуіне, өз көзқарастары мен пікірлерінің негізге алынатына көз жеткізетіндей дәрежеде өткеніне қуандым. Нәтижелі өткізген әр сабақ тек қана оқушы үшін емес мұғалімге зор шабыт туғызатыны еш күмәнсіз ақиқат екеніне шүбә келтіре алмаймын. Әсіресе, оқушыларым сабақ барысында ғылыми мәтінді өздері түсініп, аударып өз ойларының артқанын және бір бірінен қалыспай, өте қызықты дәлелдер мен пікірлер келтіре алғаны мені қатты қуантты.
Сабақтағы сәтті өтуі:оқушылардың сабақты жақсы түсінуі және оқушылардың топпен белсенді жұмысқа қызыға араласып жұмыс жасаулары, бір-біріне көмектесе, ақылдаса тапсырмаларды орындауы.
Алдағы уақытта нені өзгертер едім: оқушылардың өздігінен ізденуіне, бір- бірімен жиі диалогтық сөйлесулерін қазақ, орыс, ағылшын тілінде айта білуге,сөздік қорларының молаю үшін әртүрлі оқушылар деңгейіндегі сабақтың тақырыбына байланысты сұрақ қоюымды алғы мақсатқа қоямын.
Сондай-ақ, мектебімізде 21 желтоқсан 2016 жылы магниттік мектептерге арналған қалалық семинар болып өтті. Негізгі міндеті- сертификатталған мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсете отырып, бағдарламаның негізгі идеясын оқыту үдерісінде тиімді қолдану және тарату болып табылады. Деңгейлік курстан өтпеген әріптестерімізге өз білімдерімізді таратып, оны үйрету- біздің басты мақсатымыз бен міндетіміз. Осыған орай мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Тәжкеевамен бірге жұмыс жасадым. Әріптесіммен бірге сабақтың мақсаты мен күтелетін нәтижеге қалай жетуге болатынын алдын-ала талқыладық. Сабақтың құрылымын талқылап, бағдарламаның 7 модулін тиімді қолдану арқылы сабақтың сапасын көтеру- ең басты мақсатымыз болды. Алдын-ала тәлімгер ретінде екеуміздің арамызда жоспар жасалынды. Әсіресе, жас ерекшелік пен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер модуліне аса мән бердік. Сабақ барысында қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдердің оқушылардың қалай қабылдайтыны, тиімді жақтары және одан күтілетін нәтиже пысықталды. Жас ерекшеліктеріне аса мән бердік, себебі, 5-7сыныптар болатын. Бала бұл жаста барлық жаңашылдыққа дайын тұрады, берілген ақпараттарды тез игеріп кетеді. Түбінде- сабақтың сапалы, ең бастысы әрбір сыныптағы балаға қолжетімді сабақ беру болатын. Деңгейлік курстан өткен мұғалім ретінде әріптесіме «миға шабуыл», «ассоциация», «шаттық шеңбері» сияқты стратегиялар үйретіліп, нәтижесінде сыныптағы атмосфераны қалыптастырып алдық. Қазақ тілі пәні бойынша «Көнерген сөздер» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С.Тәжкеева берілген стратегияларды дұрыс орындап шықты. Магниттік мектептер арасында өткен семинарға келген мұғалімдер сабақты «жақсы» деп бағалады. Әрине, бәрі оңай болған жоқ. Барлығы дұрыс қолданылған қадамдар арқасында қол жеткізілді. Алдағы уақытта пән мұғалімімен қолға алынған әріптестігімізді одан әрі жалғастыра беретін боламыз. Сондай-ақ, семинар барысында мектебіміз НЗМ тәжірибесіне біртіндеп ену, сонымен қатар критериалды бағалау жүйесі таныстырылды.
Тәжірибе бағдарламасына НЗМ білім беру үрдісі мазмұнының жаңашылдықтары таныстырылды:
бағалаудың критериалды жүйесі;
тілдерді деңгейлік оқыту бағдарламаларының құрылымы;
мұғалімдердің зерттеушілік тәжірибесі;
көшбасшылық және басқару жолдарының ерекшеліктері;
тәрбие жұмысының мазмұны – таныстырылып, оны енгізу жолдары қарастырылды.
Өз тәжірибемізбен бөлісу барысында өз әріптестерімізбен кіріктірілген сабақ көрсетілді. Сабағымызға 6 «Б» сыныбы таңдалып алынып, оған дүние жүзі тарихы, география, бейнелеу өнері және музыка пәндерін кіріктірдік. Басты пән ретінде- дүние жүзі тарихы пәнін алдық. Тақырыбы- Парфия патшалығы. Тақырып күнтізбелік жоспарға сай алынды. Деңгейлік курстан өткен әріптесім, тарих пәнінің мұғалімі А.Ермағанбетова, музыка пәнінің мұғалімі- Ш.жакупбекова, бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Г. Қанат барлығымыз бірлесе жұмыс жасадық. Қолданылатын әдіс-тәсілдер таңдалынып алынып, оқушылармен қалай жұмыс жүргізетініміз алдын-ала талқыланды. Әрине, дүние жүзі тарихы құрылымы қиын сабақ, оны өз пәнімізге қарай кіріктіру оғай болған жоқ. Тек барлығымыздың бірге жұмыс істегеніміздің арқасында ғана, сабаққа қысқа мерзімді жоспар жасалынды. Сабаққа қойылатын мақсат пен күтілетін нәтиже де талқыланды. Сабақ барысында «миға шабуыл», «Ассоциация», «ойлан, бөліс» және т.б. стратегиялар қолданылды.
Үй жұмысы мен жаңа сабақтың тақырыбына оз қозғау сәті
Достарыңызбен бөлісу: |