Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1210/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1206   1207   1208   1209   1210   1211   1212   1213   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Ажырату диагнозы
.
Жедел лейкозды бактериялық инфекцияларда, дәрілік
ауруларда, улануларда кездесетін лейкемодиты реакцялармен жырату қажет болады.
Лейкозға қарағанда басқа ауруладра айтарлықтай пролиферативті синдром, сүйектердің
зақымдалуы болмайды, гемограмма мен миелограммада бласт және аралық жасушалар
болмайды. Кейде инфекция-лық мононуклеозбен ажырату қиынға соғады. Мононуклеозға
722


арнайы мононуклеарлар тән болып келеді. Кезкелген ажыратуға қиын болғанда
миелограмма жасалып, соның нәтижесіне жүгініп, диагноз мәселесін шешеді. 
Емі
 
балаларға арналған арнайы онкогематологиялық бөлімдерде жүргізіледі. Біздің
елімізде бұндай аурулар Алматы қаласында орналасқан ҚР ДСМ Педиатрия және Балалар
хирургиясы Ғылыми орталығындағы онкогематологиялық бөлімшеде емделсін деген (кво-
та беріледі) нұсқау бар, жол қаражаттарын жергілікті бюджет көтереді. Жедел лейкоздар-
ды емдеу емнің үздіксіз барлық медициналық хаттамаларды аяқтағанша жүргізіледі.
Қазіргі заманғы лейкоз емінде басты орынды лейкоз жасушаларын жою алады. Қа-
зіргі таңда ауру ағымына байланысты балалардағы лейкозды емдеудің әртүрлі схемалары
жасалды. Лейкозға қарсы препараттар алты фармокологиялық топқа біріктірілген: антиме-
таболиттер (метотрексат, 6-меркаптопурин, цитозинарабинозид); алкилдеуші қоспалар
(циклофосфан, миелосан); өсімдік алколойдтары (винкристин); ферментті препараттар (һ-
аспарагиназа); ісікке қарсы антибиотиктер (рибомицин); гормондар (преднизолон). Негізгі
ем жалпы әлдендіретін және симптоматикалық терапия фонында жүргізіледі. Қазіргі кезде
бірнеше модификацияланған хаттамалар (ALL, BFM, COALL) қолданылады. 
ЖЛ емі бірнеше кезеңге бөлінеді. Бірінші ремиссияны индукциялау ісіктік жасуша-
ларды жоюға бағышталады, бластық жасушалардың 90% жойылады. Толық клиникалық-
гемотологиялық ремиссияға 95% балаларда қол жеткізіледі. Қалған басқа ісіктік
жасушаларды келесі ем бағытталады: консолидация (ерте интенсификациялау) -
ремиссияны бекіту; алдын-алу немесе ОНЖ зақымдалуын арнайы емдеу (интратекальды
метотрекст, цитарабинді преднизолонды жалпы жүйелі химиотерапиялық ем фонында,
кейбір аруларда ОНЖ сәулелендірумен бірге, жіберу); кеш интенсификация (реиндукция)
және қолдаушы ем. 
Лимфобласты емес жедел лейкозды емдеудің жедел лимфобласты лейкозды емдеудің
айырмашылығы жоқ. Алғашқы ремиссияға 80-85% науқастарда қол жетеді, бірақ 5 жыл
бойына 40% науқаста сақталып қалады. Жоғары қауіпті топтағы науқастарға бірінші
ремссияда сүйек миын трансплантация жасау жүргізіледі.
Симптоматикалық ем.
Тромбоцитопениямен қосарланатын агранулоцитозда
гемотранс-фузия жүргізіледі. Бұндай жағдайда қан препараттарын құю күнде жүргізіледі.
Донорды HLA антигендік жүйе бойынша таңдап алынуы керек. 
Гемоглобин мөлшері 70 г/л-ден төмен болатын анемияларда эритроцитарлық масса
құйылады (1 кг салмағына 4 мл есебінен), терең тромбоцитопенияда (10х10 
9
/л-ден төмен)
және георрагиялық синдромда тромбоцитарлы масса құяды. Промиелоцитарлы лейкозда
цитостатикалық еммен бірге жаңа мұздатылған плазма, гепарин (200 бірлік/кг тәулігіне) 4
ретке бөліп енгізеді, қажет болса дозасын жоғарлатады. Терең гранулоцитопения
байқалатын науқастарға лейкоцитарлық масса (10
10
лейкоцит құяды) құяды. 
ЖЛ емдеудің жаңа әдістеріне сүйек майын трансплатанция жасау жатады. Бұл ем
түрі жедел лимфобласты емес лейкоздарда маңызды болып келеді. 
Диета.
Жоғары калориялы болуы тиіс, минералды заттар мен витаминдерге бай болу
қажет. Гормон тағайындалған кезде рацион калий тұзымен байытылуы қажет. Науқас-
тарды күту кезінде асептикалық жағдай мен емдік – қорғаныс режимін сақтау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1206   1207   1208   1209   1210   1211   1212   1213   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет