Клиникалық көрінісі.
ЖЛ-ге классикалық жағдайда анемиялық және интоксикация-
лық белгілер жиынтығы (тері мен клегей қабатының сұрсарғыштықпен бозғылттығы,
әлсіздік, субфебрилитет және т.б.), пролиферативтік (шеткі, медиастиналық немесе іш
лимфатүйінде-рінің ұлғаюы, гепатоспленомегалия, көз қуысының, бастың жалпақ
сүйектерінің ісіктік құрылымдары және басқалары) геморрагиялық синдромдар тән болып
келеді. Сонымен қатар, ЖЛ алғаш клиникалық білінуінде сүйек жүйесінің, мидың және
оның қабаттарының ( бастың ауруы, жүрек айну, құсу, санасының бұзылуы, бас сүйегі-ми
нервтернінің – жиі VI жұп, парапарездер, салдану, құрысулар және басқалар), аталық
бездердің зақымдалулар, терідегі лейкемиялық инфильтраттар және басқалар байқалады.
Көптеген науқас балаларда ЖЛ-дің бір немесе екі тән синдромы алғашқы 4-6 аптада пайда
болады және одан көп болуы дұрыс клиникалық диагноз қоюға мүмкіндік береді. ЖЛЛ-да
тән клиникалық белгілер: қызба; геморрагиялар; сүйектердің ауруы; лимфоаденопатия;
спленомегалия; гепатомегалия; медиатинальды лимфатүйіндерінің ұлғаюы; анемия;
тромбоцитопения; лейкоциттер саны қалыпты немесе лейкоцитозға бейімділік байқалады (
10 -50 мың), лейкоцитоз ( 50 мың және одан жоғары); лимфобластар морфологиясы: L
1
(ең
жиі кездеседі – 85%), L
2
(сиректеу – 14%-ға дейін), L
3
(сирек – 10%-ға дейін).
Жіктелмеген жедел лимфобласты лейкозда жедел лимфабласты лейкоздан пролифе-
ративті синдром жиі байқалады, бірақ одан интоксикациялық, анемиялық, геморрагиялық
синдром, ОНЖ, сүйектің зақымдалуы, қызыл иек гипертрофиясы, гиперлейкоцитоз жиірек
кездеседі.
ЖЛ-бен ауыртын, шеткі қанда лейкоциттер саны жоғары (100000 мкл-ден артық )
болып келетін, науқастарда лейкостаз синдромы дамиды және капиллярларда бластар
агрегациясы нәтижесі болады. Бұл синдром жиі кардиореспираторлық бұзылыстардан
басталып, жедел тыныс жетіспеушілігі және өкпе шемені немесе пневмония көрінісі,
сиректеу, қатты бастың ауруымен немесе инсульт тәріздес білінетін, ОНЖ жағынан
бұзылыстармен байқалады.
Инфекциялар –
біріншілік және екіншілік иммундық жетіспеушіліктің (цитостати-
калық ем және гранулоцитопения) салдарынан пайда болатын, ЖЛ-дің заңды асқынулары
721
болып келеді. Әсіресе, нейтрофильдер саны 500 мкл-ден нейтропения қауіпті болып
келеді. Сондықтан нейтропениямен қосраланған қызба активті инфекцияға қарсы ем
тағайындаудың көрсеткіші болып келеді. Цитостакилық кешенді ем фонында қан құю
вирусты гепатитті жұқтырумен ғанпа қауіпті емес, сонымен қатарвирустардың герпес
тобын және кандидалармен ауырып қалу қаупіде туады.
Достарыңызбен бөлісу: |