Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Қалқанша бездің өзгерістерімен жүретін клиникалық жіктелуі және аурулардың



Pdf көрінісі
бет1233/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1229   1230   1231   1232   1233   1234   1235   1236   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Қалқанша бездің өзгерістерімен жүретін клиникалық жіктелуі және аурулардың
номенклатурасы:
1. Туабіткен ауытқулар (аномалиялар):
А) аплазия және гипоплазия;
Б) эктопия;
В) тіл-қалқанша өзегінің бітісіпеуі;
2. Эндемиялық жемсау (және эндемиялық кретинизм):
А) қалқанша бездің ұлғаю дәрежесі бойынша;
Б) түрі бойынша (жайылмалы, түйінді, аралас);
В) қызметінің айқындалу көрінісі бойынша, яғни эутиреоидты, гипертиреоидты, гипо-
тиреоидты және кретинизм белгілерімен; айқын тиреотоксикоз көріністерімен біліне-
тін түйінді жемсаудың ерекше түріе бөледі – «қалқанша бездің уытты аденомасы».
3. Кездейсоқ (спородикалық) жемсау, олда эндемиялық сияқты бөлінеді.
4. Жайылмалы уытты жемсау (синонимдары: Базед ауруы, тиреотоксикоз, біріншілік –
тиреотоксиздық жайылмалы жемсау):
А) ауырлығы бойынша – жеңіл, орташа, ауыр түрлері;
Б) қалқанша бездің ұлғаю дәрежесі бойынша.
5. Гипотиреоз жеңіл, орташа, ауыр (микседема).
6. Қалқанша бездің қабыну аурулары:
А) жедел тиреоидит (және струмит), іріңді емес және іріңді;
Б) жеделдеу тиреоидит;
В) созылмалы (фиброзды Ридель және лимфомотозды Хашимото) тиреодиты;
Г) сирек кездесетін қабыну аурулары.
7. Қалқанша бездің жарақаттанулары:
А) ашық;
Б) жабық.
8. Қатерлі ісіктер (рак, саркома, көшіктенуші (метастазданушы) аденомалар, гемангио-
эндотелиомалар және басқалар).
Қалқанша без ауруларының негізгі көрінісі болып, оның көлемінің ұлғаюы саналады.
Дәрігер мен науқас жиі дәл осы белгіге бірінші көңіл аударады.
Қалқанша бездің функциялық жағдайын анықтамай-ақ, оның патологиялық ұлғаюын
жемсау деген атаумен (терминмен) белгілейді.
Қалқанша бездің ұлғаюын алдыменен физикалық тексеру кезінде анықтайды.
Қалқанша безді пальпациялағанда оның көлемі, пішіні, консистенциясы және қозғалғыш-
тығы туралы алғашқы мәліметтерді алуға болады. Бірақ әсіресе балаларда қалқанша
бездің пальпациясы оның көлемнің кішкентайлығына, консистенциясының жұмсақтығына
734


байланысты шынайы көлемін анықтау мүмкін емес, сондықтан ол жемсауды диагностика-
лауда маңызды емес. Қалқанша бездегі түйінді түзілістерге байланысты түйінді жемсау
атауы пайдаланылады, ал жалпы ұлғаю мен түйінді түзілістер бірге анықталғанда аралас
жемсау туралы айтылады. Қалқанша бездің көлемін пальпаторлы бағдарлап бағалау үшін
бірнеше жіктелулер қолданылады.
Қалқанша безді пальпациялау қарапайым тек бағдарлау үшін маңызды екендігін
айтқанмен, 1992 жылы ДДҰ жемсаудың өте қарапайым жіктелуін ұсынды:
ДДҰ бойынша жемсаудың жіктемесі (1992ж):
0 – дәрежелі – жемсау жоқ.
1 – дәрежелі – жемсау пальпацияланады, бірақ көрінбейді, оның көлемі
бас бармақтың дистальды фалангасынан үлкен.
2 – дәрежелі – жемсау пальпацияланады, көзге көрінеді.
ТМД елдерінде жиі 1955 ұсынылған О.В. Николаев бойынша эндемиялық жемсаудың
жіктелуін пайдалану жалғасып келеді.
О.В. Николаев бойынша жемсаудың жіктемесі:
0 – дәрежелі – без көрінбейді және пальпацияланбайды.
1 – дәрежелі – без көрінбейді, бірақ пальпацияланады және 
жұтынғанда мойылдырығы көрінеді.
2 – дәрежелі – қалқанша без жұтынғанда көрінеді және жақсы 
пальпацияланады, мойынның пішіні өзгермеген.
3 – дәрежелі – без қараған кезде байқалады, мойынның контуры өзгерген.
4 – дәрежелі – мойынның пішінің бұзатын анық айқын жемсау.
5 – дәрежелі – өскен без өте үлкен көлемге жетіп, жиі жұтыну мен 
тынысты бұзып өңеш пен кеңірдекті жаншиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1229   1230   1231   1232   1233   1234   1235   1236   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет