15.2. ҚАЛҚАНША БЕЗІНІҢ АУРУЛАРЫ.
15.2.1. ГИПОТИРЕОЗ
Қалқанша безінің аурулары қазіргі уақытта балалардағы барлық эндокриндік
патологиялардың арасында алдыңғы орынды алады. Осындай жағдайдың болуына, адам-
дардың қоректену сипатының өзгерістері, йодтқа бай тағамдарды пайдаланудың төмен-
деуі, сондай-ақ үнемі өзгергіш экологиялық және радиологиялық жағдайлар ықпал етеді.
Қалқанша без ауруларының жіктелісі
Балалардың тиреоидты патологиясы алуан түрлі болады. Қалқанша безінің қызметі-
нің белсенуімен (артуымен) немесе әлсіреуімен жүретін аурулардан бөтен, қабыну құбы-
лыстары, ашық және жабық жарақаттары, қатерлі ісіктері мен қауіпсіз ісіктер, кисталар
болуы мүмкін. 1961 жылы қабылданған ересектерге арналған жіктеліс, педиатрияда да
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |