Клиникасы.
Туа біткен гипотиреоздың бастапқы симптомдары осы ауруға тән емес.
Тек біртіндеп пайда болатын белгілердің жиынтығы толық клиникалық көріністі айқындай
бастайды.
Ерте постнатальды кезеңге тән белгілер болып саналады:
• күні асқан жүктілік (40 аптадан көп);
• нәрестелер ірі дене салмағымен туылады. Асфиксия болу ықтимал;
• беті, ерні, қабақтары ісінген, аузы жартылай ашық, тілі жалпайған;
• алақанның, табанның сырт жағында, бұғана шұңқырында «көпшік» тәрізді шектелген
ісіктер;
• мерзіміне жеткен жүктілікке қарамастан жетілмегендіктің белгілері;
• айқайлаған, жылаған кезде жіңішке, дөрекі дауыс;
• меконийдың кешігіп шығуы;
• кіндік бауы қалдығының кеш түсуі, кіндік жарасының эпителизициясының нашарлауы;
• сарғаюдың ұзаруы.
Одан әрі (өмірінің 3-4 айында), егер емдеу басталмаса басқа клиникалық симптомдар
пайда болады:
• тәбетінің төмендеуі, жұтудың қиындауы;
• салмақ қосудың азаюы;
• іштің кебуі (метеоризм), іш қату;
• тері жамылғысының бозаруы, құрғауы, қабыршақтануы;
• гипотермия (саусақтары мен башпайларының салқындауы);
• шаштарының реңсіз, құрғақ, сынғыш болуы;
• бұлшық ет гипотониясы.
Кейін кешірек мерізімдерде, яғни өмірінің 5-6 айларында бірінші кезекте баланың
психомоторлық, физикалық дамуының тежелуі айқындалады.
• Гипотиреозы бар балалардың дене пропорциясы емдеусіз хондродистрофиялық сияқты
кейіпке жақындайды, бет сүйектері дамуының қалыс қалуы (кең, түсіп кеткен кеңсірік,
гипертелоризм, еңбектерінің кешігіп жабылуы), тістерінің кеш шығуы және ауысуы;
• балаларда кардиомегалия, жүрек тондарының тұйықталуы, АҚҚ төмендеуі, пульстік
қысымның азаюы, брадикардия анықталады
• туа біткен гипотиреоз бар балалардың даусы жіңішке, дөрекі, жиі мұрын-ерін үш
бұрышының цианозы, стиридорозды тыныс байқалады;
• іштің кебуі, кіндік жарығы;
• қалқанша без көп жағдайда анықталмайды (даму ақауы болғанда) немесе керісінше
ұлғаюы мүмкін (тұқым қуалайтын тиреоидты гормондардың синтезінің бұзылыстары).
Достарыңызбен бөлісу: |