Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ПНЕВМОЦИСТАЛЫК ПНЕВМОНИЯНЫҢ (ПЦП) ӨКПЕ-ЛИМФОИДТЫҚ



Pdf көрінісі
бет1390/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1386   1387   1388   1389   1390   1391   1392   1393   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

ПНЕВМОЦИСТАЛЫК ПНЕВМОНИЯНЫҢ (ПЦП) ӨКПЕ-ЛИМФОИДТЫҚ
ГИПЕРПЛАЗИЯСЫ (ӨЛГ) МЕН ЛИМФОИДТЫҚ ИНТЕРСТИЦИАЛЬДЫҚ
ПНЕВМОНИТПЕН (ЛИП) САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТЫ
812


 (А. Рубинштейн, 1990)
Симптомдар
өлг/лип
ПцП
Жедел басталу
-
+
Бірте-бірте басталу
+
сирек
Қызыну
-
+
Ентігу (төстің кірігіуімен)
кеш
ерте, жедел
Гипоксия
кеш
ерте, жедел
Тыныс шуларының азаюы
-
+
Стридор, шулы тыныс
-
+
Сырылдар
-
+
Саусақ тәрізді және өкпе
рентгенограммасындағы түйінді өзгерістер
+
-
+
-
Сілекей бездерінің үлкеюі
++
+
Жайылмалы лимфоаденопатия
+
++
Қанда лактатдегидрогеназа белсенділігінің 
++
+
GIg денгейінің қанда көтерілуі
++
-
Т
8
-лимфоциттерінің бронх жуындысында көбеюі
+
-
Тіндер: ВИЧ геномы
+
-
Эпштейн-Барр геномының вирусы
813


Диагнозы
– клинико-лабораториялық. Арнайы түрлі диагностикалық тәсілдер
ұсынылған: бірі – әртүрлі вирус антигендеріне қарсы пайда болған денелерді анықтаса,
екіншісі – ВИЧ-ке антиденелер түзетін лимфоциттер санын есептесе, үшіншілері –
вирустың өзін немесе оның гендерін, түрлі антигендерді іздеуге арналған. Иммунофер-
менттік анализ (ИФА – ен оңайы және арзаны) көмегімен көп жалған оң жауаптар
алынады (жүктілер, гемотрансфузия немесе иммуноглобулин алғандар, қан жүйесі, бауыр,
созылмалы жүйелі, патогенезінде иммундық дертті-аутоиммундық компоненті бар
ауруларда), бірақ скрининг-сынақ ретінде ИФА-ның толық негізі бар. Бұдан сезімталдығы
жоғары әрі сенімді тексеру иммундық блот (Western blot – «вестерн-блот» – батыстық
салтақ) көмегімен жүргізіледі: антиденелердің арнайы беткей гликопротеиндерге ғана
емес, вирус орталығының белоктарынада барын анықтайды. Иммундық блоттың оң
жауабы ИФА-ға қарағанда 80-100 есе аз. Вирус пен оның антигендерін және 9 генді ДНК-
полимераздық әдіс («гендік зонд») көмегімен анықтауға болады, бірақ бұл тәсіл әзірше өте
қымбат болғандықтан кең таралмай отыр.
ВИЧ-ке антиденелердің 1,5 жаска дейінгі балаларда (15 ай) табылу қорытындысын
жариялауға абай болған жөн, себебі олар аналық негізде (әрине, егер антиденелер сол
әдіспен анасында да табылған болса) болуы ықтимал, бірақ ВИЧ-тің балаға енбеуі де
мүмкін. Сондықтан бұл жаста ВИЧ-инфекция жөнінде сөз қозғау үшін екеуіңде де (бала
мен анасында) белгілі біртекті антиденелер табылып, бұған қоса: 1) иммуноглобулиндер-
дін М және G
3
класына жататын ВИЧ-ке антиденелер – ВИЧ-ке антиденелер түзуші
лимфоциттер; 2) тіндер мен қанда вирус; 3) айқын иммунодефицит (1 мкл қанда Т
4
саны
500-ден кем, Т
4

8
қатынасы 1,0 ден кем); 4) «жіктелудін» Р - 2 класынан 2 ауру; 5) СПИД-
ке тән екіншілік инфекциялар (оппортунистік инфекциялар) анықталуы тиіс.
Емі.
Осы уақытқа дейін СПИД-ке қарсы тиімді дәрілер болмай тұр, яғни СПИД –
қайтымсыз ауру. Осымен қатар, ВИЧ-теріс транскриптазасының түрлі тежеушілері (инги-
биторлары) вирустар өсуі үдеуін азайтып, ми бұзылыстары мен лимфоаденопатияны кері
қайтара алады. Ең тиімдісіне азидотимидин (зидовудин, ретровир, АЗТ) жатады. Оны
ішуге тәулік мөлшерін 720 мг/м
2
есебінен, 4-ке бөліп, әрбір 6 сағат сайын береді.
Зидовудин беру көрсеткішіне ВИЧ- инфекцияның симптоматикалық формасы, (Д 
4
Т 
4
) —
лимфоциттер санының 1 мкл-де 500-ден кем болуы жатады. Жанама әсерлеріне (бұлар
үлкендерге қарағанда балаларда сирек) жататындары: гемопоэз тежеліп, лейкопения,
анемия, тромбоцитопения өрбуі, диспепсиялық өзгерістер, түрлі жердегі ісіктер, артралгия
және басқа аурулар, қан ағу, тері бөртпелері, дизурия, эмоциональдық құбылмалылық пен
депрессия. Балаларды ВИЧ кері транскриптазасының басқа ингибиторларымен (дидеокси-
нозин – ДДИ, дидеоксицитозин – ДДЦ) және СД
4
ерігіш рецепторларымен емдеу әдісі әлі
ойластырылмаған. Үлкендерде ДДИ панкреатит, сүйек сырқырауына әкелуі мүмкін.
Көптеген ЖИТС ауруларын емдеу орталықтары ВИЧ-инфекциясының симптоматикалық
формаларында 2-4 аптада 1 рет 0,3 г/кг есебінен иммуноглобулинді қанға уақытылы
жіберуді ұсынады. Басқа орталықтардың тұжырымы бойынша иммуноглобулин тек
ЖИТС-ауруларына беріліп, көрсеткіштеріне СД
4
-лимфоциттері қанның 1 мкл-де 200-ден
кем, ал GIg 7,0 г/л-ден аз болуы жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1386   1387   1388   1389   1390   1391   1392   1393   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет