Реферат
Тақырыбы:Иммунитеттегі иммуноглобулин кластарының рөлі. Иммунопатология. Инфекциядан кейінгі иммунды тапшылықтар
Орындаған Шардарбек Б.Н
Группа: ЖМҚБ 05-19
Қабылдаған: Курманбекова Ш.Ж
Шымкент 2020
Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
Иммуноглобулин (Антидене)
Иммуноглобулин класстары, олардың негізгі сипаттамалары, айырмашылықтары және ерекшеліктері.
Антидене түрлері
Антиглобулинді антиденелер.
Иммунопатологиялық процестер
Иммунитет тапшылығы. Адамның иммунитет тапшылығы вирусы
Қорытынды
Антиденелер - иммундық жүйенің плазмалық жасушалары бөлетін қан плазмасының үлкен глобулярлы ақуыздары және қоздырғыштардың (бактериялар, саңырауқұлақтар, көп жасушалы паразиттер) және вирустардың жасушаларын, сонымен қатар белокты уларды және кейбір басқа бөгде заттарды бейтараптандыруға арналған. Әрбір антидене организмнің өзінде жоқ қоздырғыштың бірегей элементін - антигенді, ал берілген антигеннің ішінде - оның белгілі бір бөлігін, эпитопты таниды. Антиденелер патогендердің бетіндегі антигендермен байланысу арқылы оларды тікелей бейтараптай алады немесе иммундық жүйенің комплемент жүйесі мен фагоциттер сияқты басқа компоненттерін жинап, бөгде жасушаларды немесе вирустық бөлшектерді жояды. Антиденелер - бұл ерекше гуморальды иммунитеттің маңызды компоненті.
Антиденелер қан сарысуыныц акуыздарының гаммаглобулин бөліміне жатады. Гаммаглобулиндер кан сарсуының барлық акуыздарының құрамының 15-20 пайызын құрайды, салмағы 10-20 гр жетеді. Антиденелер иммундық жауаптың себебінен пайда болғандықтан оларды - иммундыглобулиндер деп атайды. Олардың халықаралық белгісі Ig. Сонымен, антидене дегеніміз - антигендерге жауап ретінде түзілетін, антигендермен спецификалық байланысқа түсетін мүмкіншілігі бар, көп түрлі иммунологиялық жауап қайтаруға қатынасатын гаммаглобулиндер. Антиденелерді В-лимфоциттер және олардан тараған плазматикалық жасушалар бөліп шығарады.
Класстары
Антидене кластарының негізгі қасиеттері төмендегі кестеде келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |