Жоспары Кіріспе Негізгі бөлім


Иммундыглобулиннің М сыныбы



бет3/15
Дата25.12.2021
өлшемі88,88 Kb.
#105140
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Реферат микро 3

Иммундыглобулиннің М сыныбы. Ең үлкен көлемді иммундыглобулин. Бұл пентамер және оның антиген байланыстырушы 10 орталығы бар, яғни 10 валентті. Молекулалық салмағы 900 кДа, Ml жэне М2 типі болады. Ауыр тізбегі 5 доменнен тұрады. IgM- ның жартылай ыдырау уакыты 5 күн. Басқа иммундыглобулиндерің арасындағы оның үлеci 5-10 пайыз. Ересек адамның қанында 1 л/г IgM болады. Жоғарғы денгейге 2-4 жас арасына таман жетеді.

Филогенетикалық көрсеткішке сәйкес IgM көне антидене. Алғашқы және жетілген В- лимфоциттермен синтезделеді. Алғашқы иммундық жауапқа қарсы пайда болады және іштегі нәрестенің дамуының алғашқы 20 күнінде синтезделе бастайды. Жоғарғы дәрежелі авидтік мүмкіншілігі бар, комплементті классикалық жолмен қарқынды белсендіретіннің бipeyi. Сарысулық және жасушалық иммунитеттің құрылуына қатынасады. Құрамында J- тізбек болғандықтан шырышты кабыктың секретімен бөлініп шығарылады, қалыпты антиденелер, изоагглютининдер көбінесе IgM қатарына жатады. Плацентадан етпейді. Егерде IgM – ның изотит жаңа туған перзенттің қан сарысуында табылса, ол iштен болған жұқпалы аурудың барлығын, немесе жатырдың кемтарлығын көрсетеді. IgM антигендерді бейтараптауды, опсонизациялауды және белгілеуді, сонымен қатар комплемент көмегімен журетін цитолизді жэне антиденетәуелді жасушалар арқылы өтетін цитотоксикалыктың басталуын қамтамасыз етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет