Иммундыглобулиннің А сыныбы. Сарысулық жэне секреторлық түрде болады. Барлык IgA-ның өлшемінің 60 пайызы шырышты кабық секретінің құрамында болады.
Сарысулық IgA: Сарысулық имундыглобулиндердің барлық қосындысында IgA-ның улесі 10-12 пайыз. Дені cay ересек адамның қан сарысуының 1 литрінде IgA 2,5 грамм, ал ең жоғарғы деңгейіне 10 жас шамасында жетеді. IgA-ның жартылай ыдырау уақыты 6 күн. IgA - мономер, екі антиген байланыстыратын орталығы бар ( 2 валентті), молекулалық салмағы 170 кДа. А1 жэне А2 түп тармагы бар. Жетілген В-лимфоциттермен, плазматикалық жасушалармен синтезделеді. Бірінші жэне екінші иммунды жауаптың шыңында жақсы анықталады. Жоғарғы сапалы аффиндық касиеті бар. Толықсыз антидене турінде болуы мумкін. Комплементпен байланыспайды. Плаценталық тосқауылдан етпейді. IgA антигендерді бейтараптауды, опсонизациялауды және белгілеуді, сонымен қатар комплемент көмегімен журетін цитолизді және антиденетәуелді жасушалар аркылы өтетін цитотоксикалықтың басталуын камтамасыз етеді.
Секреторлық ,IgA. Сарысулык түрімен салыстырғанда секреторлық slgA полимерлі ди-, не тримерлі турінде бола алады ( 4, не 6-валентті). Молекулалы салмағы 350 кДа. Секреторлық иммундыглобулиндер В-лимфоциттермен және тек қана шырышты қабықта болатын плазматикалық жасушалармен синтезделіп, олардың секретінде болады. Бір тәулікте 5г салмақта бөлініп шығарылады. Қан сарысуында табылмайды.
Секреторлық IgA пайда болу және калыптасу механизімі өте күрделі. Секреторлық IgA ас қорыту, несеп және тыныс алу жуйелерінің шырышты кабығының жергілікті гуморалдық иммунитетінің негізгі факторы. S- тізбегі болғандықтан олар протеазаның әсеріне өте төзімді. slgA комплементті белсендірмейді, бірақ антигенмен нәтижелі байланысып, оларды бейтараптайды. Ол микробтардың эпителиялық жасушаларға бекінуіне кедергі жасап, олардың шырышты кабыққа жайылуына қарсы тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |