Ажырату диагнозы
(143 кесте).
Продормальды кезеңде ЖРВИ, аппендицитпен,
мезаде-нитпен, ішек инфекциясымен, глистік инвазиямен және басқалармен ажырату
қажет болады. Ұқыпты жиналған анамнез және эпидемиялық мәліметтер, толық және
жанжақты жүргізілген клиникалық зерттеулер, бауыр фермнттер активтілігін динамикіде
бағалау диагнозды дұрыс қоюға көмектеседі. Сарғаю кезеңінде, әдетте анемиямен,
гиперретикулецитозбен, талақтың ұлғаюымен, қанда байланыспаған билирубиннің
көбеюімен білінетін гемолитикалық сарғаюдан ажырату қажет. Бұл белгілер гепатитке тән
емес. Жастан асқан балаларда туа біткен бауырлық сарғаюлардан Жильбер ауруынан
ажыратуды қажет етеді. Оған шамалы тіке емес гипербилирубинемия тән болады. От
басылық анамнез тән. Жильбер ауруында науқастың жалпы жағдайы қалыпты, бауырдың
мөлшерлері және функциялық жағдайы бұзылмайды, бұдан бұрында тері мен клегей
қабатының сарғаю эпизодтары болғаны анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |