Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1462/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1458   1459   1460   1461   1462   1463   1464   1465   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

19.14. ЖЕДЕЛ ІШЕК ИНФЕКЦИЯЛАРЫ
Жедел ішек инфекциясы

көбіне қатынастық-отбасылық, сумен немесе тағам-
дық жолмен жұғатын, әртүрлі микроорганизммен шақырылатын, интоксикация
белгілері байқалатын гастроэнтероколит синдромымен білінетін, тағам қорытылуының
жедел бұзылыстары.
Күні кеше ғана бұл аурулар балалар өліміне әкелетін негізгі
себептердің бірі болып есептелетін. 
Этиологиясы.
 
Ерте жастағы балалардың ішек инфекциясының қоздырғыштары: 
вирустар: (Human rotavirus, Parvo-like virues (Norwalk), Calci virus, Astrovirus,
Adenovirus);
бактериялар: (Shigella, Campilobacter jejuni, Salmonella, Staphilococcus aureus,
Staphilococcus epidermidis, Esherichia (E) coli, E. enterotoxigenic, E. enteroinvasive, E.
enteroadherent, Yersinia enterocolitica, Vibrio cholerae);
Қарапайымдылар (Giardia lamblia, Entamoeba histolitica, Criptosporidium,
Dianamoeba fragilis).
Шартты-патогенді микроорганизмдер (стафилококк, клебсиеллдер, протейлер
және басқалар) диареяның қоздырғышы ретінде 3 айға дейінгі балаларда ғана маңызды
болып келеді және одан үлкен балалар диареясының себебі ретінде сирек кездеседі. 1
жасқа дейінгі балаларда жедел ішек ауруларының қоздырғыштары ретінде жиірек
849


ротавирусты инфекция, эшерихиоздар, содан соң сальмонеллездар қарастырылады. Бір
жастан асқан балаларда жедел ішек инфекциясының кең тараған себебі болып рота-,
адено- және энтеровирусты инфекциялар, содан кейін дизентерия және эшерихиоздар,
сальмонеллездар, иерсиноздар есептеледі. Ерте жастағы балаларда ротавирусты инфек-
цияның жиі кездесу себебі олардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне
байланысты. Ротавирустар рецептор ретінде, 1 жасқа дейінгі балаларда, ересектермен
салыстырғанда өкілділігі аш ішек кілегей қабатында 10 есе артық болып келетін, лактаза
ферменттін пайдаланады. Лямблиялар және басқа қарапайымдылар, сонымен қатар
цитомегаловирустар көбіне иммундық жетіспеушілік жағдай байқалатын балаларда
диспепсия себебі ретінде қарастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1458   1459   1460   1461   1462   1463   1464   1465   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет