Эпидемиологиясы.
Инфекция көзі –
ару адам, бактерио- және вирус тасымалдау-
шылар. Кейбір ішек инфекцияларында (сальмонеллез, кампилобактериоз) инфекция
ошағы ауылшаруашылық жануарлар және құстар, сонымен қатар кемірушілер (иерсиноз)
болуы мүмкін.
Инфекцияның негізгі берілу (таралу) жолы фекальды-оральды: тағам, су,
ойыншықтар, күтім құралдары арқылы болады. Кей жағдайда ауру эпидемиялық сипат
алуы мүмкін. Сиректеу инфекция ауа- шаң жолымен тарауы мүмкін.
Қабылдауы, әсіресе ерте жастағы сәбилерде, жоғары.
Патогенезі.
Балаларда жедел ішек инфекциясын қабылдауы жоғары болуы олардың
организмінің келесі ерекшеліктеріне байланысты:
-
анасына алған (трансплацентарлы) иммуноглобулиндер ішінде ішек инфекциялары
қоздырғыштарына қарсы антиденелер жоқтың қасы;
- өзінің А және М иммуноглобулиндер түзу қабылеті текбастапқы қалыптасу сатысында
ғана болады, ал клегей қабатының секреторлы иммунитетті қалыптастыруы өте баяу
жүреді.
Асқазан мен ішек сөліністердің бактриоцидтік қасиеті төмен, ішектің клегей түзу
қабылеті төмен болады;
-
ішек биоценозы тұрақсыз және ана сүті құрамындағы иммуноглобуллиндер, лизоцим
және басқа қорғаныс факторларының көмегімен ғана қалыптасады. Емшекпен
тамақтандырмау ішек-қарын жолдарын ішек инфекцияларымен жиі ауруға бейімдейтін
негізгі факторлардың бірі болып келеді;
- жедел ішек инфекциясымен аурғаннан кейінгі иммунитет типті арнамалы, тұрақсыз,
сондықтан ішек инфекциясымен қайталап ауру қаупі жоғары болып келеді.
Қоздырғыштардың және олардың токсиндерінің әсерінен клегей қабатының бүрлері
деструкциясы, критптілерінің гипертрофиясы, ферменттер активтілігінің төмендеуі, қабы-
нулық және деструктивті өзгерістер (жара пайда болуы, некроз ошақтары) пайда болады.
Микробтар токсиндері әсерінен, ішектің негізгі функциясын реттейтін, оның кейбір
гастроинтестинальды гормондарының (вазактивті интестинальды пептид, нейротензин,
мотилин, серотонин) түзілуі бұзылады. Олар моториканың және сорылудың, секреция мен
жергілікті және жалпы тамырлық реакцияның бұзылуына әкеледі.
Диарея әртүрлі механизмдер әсерінен пайда болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |