Айы-күні жетіліп туған балалардың артериялық өзегінің бітелуі 2-3 айлығында (20-
30%), ал толық бітелуі (90%) балаларда – 1 жасқа дейін созылады.
Осылайша алғашқы функциялық (қызметтік) қан айналымының қайта құрылуы,
өмірінің 1-ші тәулігінде басталып, 7-10 күндігінде аяқталады.
Балаларда жүрек салмағының өсуі біркелкі болмайды. Дене салмағының өсуімен
қатар жүреді. 3 жасқа дейін жүректің салмағының өсуі тез жүреді де, 3 жаста – салмағы 8
есе көбейіп, 6 жасқа толғанда – 11 есе көбейеді. Одан кейін өсуі баяулайды
.
Нәрестенің
миокарды гистологиялық жағынан қарағанда өте жұқа, бір-бірінен нашар бөлініп тұратын
ет талшықтарынан құралады. Ұзынша және көлденең жолақтары өте нашар білінеді.
Ядролары көп, бірақ майда жетілмеген. Аралық тін нашар дамыған. Баланың алғашқы 2
жасында ет талшықтарының қалыңдығы жуандап, ет клеткаларының ядросының саны
азайып, көлемі біршама ұлғаяды.
3-7 жаста жүректің салмағы баяу өсіп, ет талшықтары дәнекер және эластикалық
(серпінгіш) тіндерге қанығып, қалыңдығы ұлғая түседі. 10 жастан асқасын дәнекер және
эластикалық тіндер саны көбейіп, май пайда бола бастайды. Жүрек сабағының (ствол)
калибрі балалық шақ кезеңінде өзгермейді, салыстырып қарағанда, баланың жүрегінің
алғашқы 1-ші жылындағы көлемі үлкен болады.
Өкпе артериясының бас сабағы дүниеге келер кезінде салыстырмалы түрде қысқа
және 2 бірдей сабаққа бөлінеді де, балалардың тамыр аралық қысымының төмендеуіне
әкеліп соқтырады. Туған соң өкпе артериясының саңалуы кеңімейді, ал сабақтарының
диаметрі өсіп, 5-6 айдан кейін тамыр аралық қысымының толқуы жойылады. Осыған
байланысты оң және сол бөлігінің салмағынан қарым-қатынасы 1 жасқа келгенде 1:2,5, ал
жас өспірім шақта 1:3,5 болып келеді.
Жүректің оң және сол қарыншаларының салмағының өсуімен қатар, оның жүрек
етінің қалыңдығының да, қарым-қатынасы өзгереді. Ұрықтың дамуының 7-ші айлығында
1:1, жаңа туған балаларда 1:1,4 айлығында 1:2,5 жаста 1:2,6 болып келеді.
Жаңа туған балада жүрек шар тәріздес домалақтау болады. Жаңа туған және емшек
жасындағы балаларда жүрек жоғары және көлденен жатады. Жүректің көлденең
жағдайдан қисық жағдайға көшуі баланың бір жасынан басталып, 2-3 жастан кейін жүрек
қисық күйге көшеді.
Өкпе артериясының қабырғасы эластикалық талшықтар қанқасынан және жұмсақ ет
элементтерінен тұрады. Гипоксия және ацидоз болған жағдайда артерияның қуысы
тарылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: