Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет313/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

КӨГЕРУ. Акроцианоз
– мұрын ұшының, ерінінің, екі бетінің, құлақ ұшының,
бармақтарының көгеруі акроцианоз деп аталады. Көгерудің жоғарғы дәрежедегі түрлері
«шойын түстес», жүректің іштен туа болған ақауларының кейбір түрлерінде (Фалло
тетрадасы және басқалар) байқалады. Екі бетінің қызарып алаптануы митральды
«көбелек» немесе 
fасіеs тіtrаlіs 
жүректің митральды ақауларында пайда болады.
Терінің және кілегей қабықтарының бозаруы (ағаруы) әдетте аорта қақпағының
жетіспеушілігінде, эндокардиттерде, коллапста анықталады.
Септикалық эндокардитте терінің түсі «сүт құйған кофе» тәрізді болады.
Жалпы қарау жүргізгенде тері асты шел майының қалыптасуына назар салу қажет
(ісіктің пайда болуы). Аурудың көкірегін сырттай қарағанда, оның пішініне назар салу
керек: тері астындағы көк тамырлардың суретінің бар-жоғын, жүрек аймағындағы
кеуденің ісінуін (жүрек бүкірі) анықтау қажет. Баланың аяқ-қолын қарағанда, кейбір
ауруларда пайда болатын бармақтардың пішінінің бұзылуын (дабыл таяқшалары тәрізді
бармақтарды, «сағат шынысы» тәрізді тырнақтарды) көруге болады.
Ауруды сырттан қарағанда, күре тамырлардың соғысына, мойынның көк
тамырларының ісінуіне назар салу қажет. Біріншілері – төс бұғана сүйір бұлшық еттің
ішкі жағынан, ал екіншілері – сол еттің сыртқы жағынан көрінеді. Сау балаларда ұйқы
тамырларының сәл ғана соғуын көруге болады. Нақты білінетін ұйқы тамырларының
соғысы (каротид биі) аорта қақпасының жарамсыздығының ерекше белгісі. Ұйқы
тамырының соғуы кейбір кезде бастың жүрек жұмысына сәйкес реттік тербелу
қимылдарымен бірге байқалады (Мюссе белгісі). Сонымен бірге, аорта қақпағының
жарамсыздығында шеткі тамырлармен капиллярдың соғуының көзге көрінуі анықталады
(тырнақ капиллярының соғуы). Үш жарма қақпақтың жарамсыздығында мойын көк
тамырының ісінуі мен тербелу қимылдары пайда болады. Осы жүрек жарамсыздығында
мойын көк тамырының соғуы күре тамырының соғысына сәйкес келеді. Бұл белгі –
ұнамды» «веналық пульс» деп аталады.
Жалпы қарағанда ісіктердің бар-жоғына назар аудару керек. Олар қарау арқылы
немесе сипау арқылы анықталады (бас бармақпен балтырдың ішкі жағына немесе асық,
табан аймақтарында басып қарағанда, сол жерлерде бармақтың ізі қалады). Жүрек
ауруларына шалдыққан балаларда ісік төменгі жақта болады. Ісік үстіндегі терінің түсі
көкшіл болып келеді.
Кеуде қуысын қарағанда, жүрек аймағының томпаюын анықтауға болады (туа болған
жүрек ақауы пайда болғандағы жүрек бүкірі). Дабыл таяқшасы тәріздес бармақтар, сағат
шынысы тәріздес тырнақтар белгілері туа болған жүрек ақауында кездеседі. Мысалы:
211


жүрек қарыншаларының арасындағы перде толық жабылмағанда, төстің жарма ойығында
күшейген пульсация кездеседі. Кеуде қуысының, ықыласпен қарағанда, қабырға
аралықтарында тамыр-лардың күшейген соғысын көруге болады (аорта коарктациясы).
Тамырдың нақты эпигаст-ральды соғысы төстің семсерлі өсіндісінен төмен анықталады,
тыныс алған кезде күшейе-ді.Тамырдың эпигастральды соғысы жүректің митральды
ақауларына, аорта қақпағының жарамсыздығында, үш-жармалы қақпақтың салыстырмалы
жарамсыздығында анықталады.
Терінің сыртынан қарағанда, жүректің оң бөліктеріне веналық қанның құйылуы
қиындауына байланысты (Фалло триадасы және тетрадасы, Эйзенменгер синдромы,
ылғалды перикардит) тері асты венасының суретінің ұлғайғанын байқауға болады.
Жүрек ұшының серпуін көз салып немесе бармақпен сәл басып, анықтауға болады.
Жүректің сүйірленген бөлігі, яғни қарыншасының сүйір тобы, жүрек ұшы жүрек
жиырылғанда (систола) көтеріліп, 3–4-ші қабырға тұсында соғылады да, сол қабырға
аралықтарын (бала жасына сәйкес) сәл көтереді. Жүрек ұшының серпуі көзге көріне ме,
көрінсе – қай қабырға аралығында, қай сызықшаның бойында анықталады, әлсіз бе,
нықты ма, дұрыс па, теріс пе? Қалыпты жағдайда да, кейбір сау балаларда қабырға
аралықтары тар немесе тер асты шел майының дамуы артық болғандықтан жүрек ұшының
серпуін әлсіз соғыс түрінде 4—5 қабырға аралығында орта бұғана сызықтың сыртқы
жағынан немесе соның тұсының көруге болады, алаңы 2 см
2
-ден аспайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет