Баланы мектеп жасына дейінгі балалар мекемесіне баруға дайындау.
Баланы
мектеп жасына дейінгі балалар мекемесіне баруға дұрыс дайындау бөлімшелік дәрігер мен
мейірбике жұмысындағы басты бөлім табылады. Қатерлі топтарға кіретін балаларды мек-
теп жасына дейінгі мекемеге толық сауыққаннан кейін жіберу керек. Бала науқастанып,
жазылғаннан кейін 2 аптадан ерте мектеп жасына дейінгі мекемеге жіберуге болмайды.
Алдын ала егулерге ерекше аудару керек. Оларды жоспарлағанда, келесі егу мерзімі
мектеп жасына дейінгі мекемеге келуінен 1 ай бұрын болуын ескеру керек. Егер олай
болмай қалса, егуді мектеп жасына дейінгі балалар мекемесінде бейімделіп-үйрену кезеңі
аяқталғаннан соң жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: