50-бап. Санитариялық авиация 1. Санитариялық авиация – пациенттің тұрған жеріндегі медициналық ұйымда
медициналық жабдықтың немесе тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауы салдарынан
медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек
ұсыну нысаны. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну әртүрлі
көлік түрлерімен білікті мамандарды межелі жерге жеткізу не науқасты тиісті медицина-
лық ұйымға тасымалдау жолымен жүзеге асырылады.
2. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек
ұсыну тәртібін уәкілетті
орган белгілейді.