5. Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті
ұйымдастыруды жергілікті
мемлекеттік басқару органдары жүзеге асырады.
46-бап. Консультациялық-диагностикалық көмек
1. Консультациялық-диагностикалық көмек – тәулік
бойы медициналық бақылау
жасалмайтын, мамандандырылған немесе жоғары
мамандандырылған медициналық
көмек.
2. Консультациялық-диагностикалық
көмек көрсету
тәртібін
уәкілетті орган
белгілейді.
47-бап. Стационарлық көмек
1. Стационарлық көмек – тәулік бойы
медициналық бақылау жасалатын, білікті,
мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек ұсыну нысаны.
2. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары азаматтарға тиісті
күтім жасалуын және олардың тамақтануын қамтамасыз етеді.
3. Стационарлық көмек көрсету
тәртібін
уәкілетті орган белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: