Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


АШЫҚ АРТЕРИЯЛЫҚ (БОТАЛЛО) ӨЗЕК



Pdf көрінісі
бет871/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   867   868   869   870   871   872   873   874   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

9.1.3. АШЫҚ АРТЕРИЯЛЫҚ (БОТАЛЛО) ӨЗЕК
Ашық артериялық өзек
(ААӨ)
ол «ұрыққа тән құрылымды жабылу мезгілі
өткеннен кейін сақтайтын» аорта мен өкпе артериясын қосатын тамыр.
Бұл ақау
туралы мәліметтер ІІ ғасырдағы Гален еңбектерінде кездеседіміс, бірақ алғашқы хабарлар
531


1564 ж еңбектерінде кездеседі. Ақауды алғаш суреттеген итальян дәрігері Л. Боталло
құрметіне берілген. Барлық ақаулардың ішінде 10-18% жағдайларда кездеседі.
Алғашқы айларда дене салмағы 1700 граммнан кем болып туылған балалардың 50%
жуығында ААӨ байқалады. 20% жуық балаларда 1-2 жыл бойына жабылмайды.
Артериялық өзектің туылғаннан кейін 1-2 аптадан кейін жабылмағандығының клиникалық
белгілері байқалса, ақау (аномалия) болып есептелінеді.
ААӨ-те оттегіге қаныққан қан аортадан өкпе артериясына айдалатын болғандықтан,
бұл ақау ақшыл ақауларға жатады. Өзек өте үлкен болса өкпе артериясына одан тыс күш
түсуіне әкеліп соқтырады. Өкпе гипертензиясы дамығанда оң қарыншаға да шектен тыс
күш түседі.
Клиникасы:
ААӨ қыз балаларда жиі кездеседі. Бұл ақаулардың отбасылық,
полигенді түрмен тұқым қуалайтын, түрлері де суреттелген. Науқас балалардың көбіне
бірінші жылдың аяғында немесе 2-3 жасында байқалады. Әдетте бұл ақау байқалатын
балалар клиникалық белгілері пайда болғанша қалыпты дамиды және бірінші сатысында
жеңіл дамиды.
Өзек кең болғанда немесе аневризмаларда клиникалық белгілері ерте дамиды және
жүрек шамасыздығы байқалады.
Шежіресінде анасының жүкті кезінде ұшпамен ауырғаны, баланың қайталап
ауыратыны кейде қуысының өзгеруі сиректеу кездеседі. Жүрек шектері жоғары және солға
кеңейеді. Төстің сол жақ қырында екінші қабырға аралықта систолалық шу естіледі. Содан
кейін жүрек ұшына, мойын тамырларына, аортаға және жаурын аралық аймақтарына
берілетін систолодиастолалық («машина жұмысы») шуы анықталады. Өкпе
артериясының тұсында ІІ-тон басым болады
Бұл шу дем алуды тоқтатқанда әлсірейді, ал терең тыныс алғанда күшейе түседі.
Болашақта шу әлсірейді немесе жойылып кетеді. Бұндай жағдай өкпе гипертензиясы
дамып, кіші және үлкен қан айналымындағы қысым теңелгенде байқалады. Содан кейін
тыныстың жиілеуі және цианоздың пайда болуымен қатар өкпе артериясының аймағында,
веналық-артериялық шунттың пайда болып, қан айдаудың бағытының өзгергенін
білдіретін, систолалық шу қайтадан пайда болады. ААӨ үшін жоғары, тез пульс тән. Бұл
жағдайда систолалық қысым сәл жоғарлап диастолалық қысым, тіпті нолге дейін,
төмендеп пульстік қысымның артуына әкеліп соқтырады. ААӨ-те шудың әлсіреуі қатерлі,
ақаудың терминальдық сатысының пайда болғанына меңзейтін, белгі болып есептелінеді.
Ерте жастағы балаларда


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   867   868   869   870   871   872   873   874   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет