КІШІ ҚАН АЙНАЛЫМЫНЫҢ АЗАЮЫМЕН ӨТЕТІН ТУА БОЛҒАН ЖҮРЕК АҚАУЛАРЫ Кіші қан айналымының азаюы оң қарыншадан аққан қанның жолында кедергінің
пайда болуы. Бұндай ақаулардағы гемодинамикалық өзгерістер ақаудың сипаттамасына
емес, оның тарылуына байланысты. Жекелеген кедергілер болуы мүмкін, бірақ көбіне бұл
ақаулар басқа аномалиялармен қосарланады да, жүректің оң бөлігінен сол жаққа
айдалатын қан мөлшерін анықтайды, демек тінге баратын қанның оттегімен қанығуын
төмендетеді.
Науқастың негізгі шағымдары тахипноз және көптеген ақауларда үдемелі цианоз
болып есептелінеді. Ерте жастағы балаларда тахипноз цианоздың арытуымен, кейде
есінен айырылуымен анықталатын гипоксемиялық ұстамалар байқалады. Ұстамалар
ОНЖ-де компенсацияланбаған оттегі жетіспеушілігінде байқалады. Әдетте, ұстаманың
үдеуіне гипохромиялық анемия әсерін тигізеді, көбіне ми қан айналымы бұзылады.
Ақаудың терминальды сатысы геморрагиялық диатездің дамуымен жүректің оттегі-
нің үдемелі жетіспеушілігімен немесе созылмалы жүрек шамасыздығымен сипатталады.