Гемодинамикасы. ФТ-да гемодинамикалық бұзылыстардың деңгейі өкпе
артериясының тарылу дәрежесіне байланысты. Өкпе артериясының тарылуы айтарлықтай
болса, қан оңнан солға қарай қарынша-аралық перденің мүкістігі және оңға ығысқан аорта
арқылы айдалады. Үлкен қан айналымына қан көп мөлшерде түседіде, артериялық
гипоксемияға әкеледі, ал кіші қан айналымына қан жеткіліксіз келедіде, өкпе
тамырларында морфологиялық өзгерістерге және оларда тромбалардың пайда болуына
әкеледі. Жүрек қарыншаларында қысым теңелді, сондықтан, оң қарыншаның
декомпенсациясы, әдетте, болмайды. Жүректің оң бөліктері гипоплазияға душар болады.
Өкпе артериясының тарылуы және солдан оңға бағытталған қысым градиенті орташа
болғанда, қан сол жақтан оңға қарай айдалады (ФТ-ның «ақшыл» ационоздық түрі).
Дегенмен, баланың жүрегінің өсу және даму барысында тез өсіп келе жатқан жүрек
қуыстарына қарағанда, тарылу дәрежесі арыта түседі. Бұндай жағдайда қан айдалу бағыты
өзгеріп, оң жақтан солға қан айдала бастайды.
Төменгі себептерге сәйкес гемодинамикалық бұзылыстар күрт нашарлап кетуі
(гипоксемиялық ұстамалар) мүмкін: 1. Оң қарнышаның шығарушы жолының
инфундибулярлі бөлімінің өткінші обструкциясы; 2. Тамырлардың жалпы шеткі
қарсылығының азаюына байланысты веналық қайтып келудің төмендеуі; 3. Анемия. Осы
жағдайда өкпедегі қанайналым азайып, оңнан солға қан айдалу арытады және үлкен
қанайналым шеңберінде гипоксемия арытады. Өкпеге қан айдауға, аортаға айдаудан,
534
қарсылық төмен болатын орташа тарылуда, қан сол жақтан оңға қарай айдалады да, Фалло
тетрадасының ақшыл терінің клиникалық белгілері пайда болады.