Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет889/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   885   886   887   888   889   890   891   892   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Этиологиясы:
 
көптеген зерттеушілер ревматизмнің негізгі себебі ретінде А
тобындағы – гемолитикалық стрептококкті атайды. Бұл көзқарастың пайдасына төмендегі
дәлелдер келтіріледі:
Ревматизм стрептококкті аурумен науқастанғаннан 2-2,5 аптадан кейін басталады.
Ревматизмнің активті сатысында стрептококк антигені 60-70% аурулардың қанында
байқалады, ал оның титрі жоғары болады.
Бициллинопрофилактиканың әсерінен ревматизммен аурудың азаюы.
Созылмалы тонзиллитпен ауыратын балалар, ауырмайтындармен салыстырғанда,
ревматизммен 2,5 есе жиі ауырады.
Ревматизммен баспамен (ангинамен) ауырған балалардың 0,2-0,3% науқастанады,
яғни ревматизм стрептококқа ерекше жауап беретін организмдерде пайда болады. Ата-
аналар, туысқандары және басқа балалар ауыратын отбасыларында жиі кездеседі. Бұндай
жағдай “жанұялы ревматизм” (А.А. Кисель) деген ұғымның пайда болуына әкеліп
соқтырады. Сонымен қатар, баланы қоршаған ортаның, яғни ортадағы стрептококк себетін
науқастардың болуы, маңызды болып есептелінеді. Ревматизм стрептококқа иммунитет
жетіспеушілігінің тұқым қууы байқалатын адамдарда, яғни бұл тұқым қууға бейімділігі
бар науқас. Тұқым қуалаушылық полигенді түрмен жүреді, сондықтан тұқым
қуалаушылықпен қатар, сыртқы ортаның түрткілерінің атқарар маңызы зор. 
Стрептококк ревматизмнің этиологиялық факторы болғанмен де, инфекциялық
патологияға тән қоздырғышы бола алмайды. 
Вирустық теорияның жақтастары да вирус пен стрептококктің қосарланып әсер етуі
қажет екенін мойындап, алғашқыда стрептококк аллергиялық әсері қажет етіп есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   885   886   887   888   889   890   891   892   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет