9.2. БАЛАЛАР РЕВМАТИЗМІ (ревматикалық қызба)
Ревматизм
(Сокольский-Буйо ауруы)
негізінен жүрек және тамырлардың дәнекер
тіндерін жүйелік зақымдауға бейім келетін инфекциялық-аллергиялық ауру
. Осыған орай,
ревматизм иммуногенезінің ерекшеліктеріне байланысты қайталауға және үдеуге бейім
келеді. Бұл науқас негізінен балалық шақта басталады. Балалар ревматизмін зерттеуде,
оқып-үйренуде Н.Ф. Филатов, А.А. Киссель, А.В. Волловик, А.Д. Соколова-Пономорева,
Н.А. Барлыбаева, Т.Н. Никонова, В.П. Бисярина, А.З. Долгополова, Б.Х. Хабижанов
сияқты оқымыстылар көп еңбек сіңірді. Біздің елімізде ревматизм жүрек және тамыр
аурулары болып есептелсе, АҚШ және біріккен Германияда “жедел ревматикалық қызба”,
Голландияда “инфекциялы ревматизм” - деп аталады.
Ревматизммен негізінен мектеп жасындағы (6-15 жастағы) балалар аурады, ал
ересектер арасында байкалатын ревматизм балалар ревматизмінің жалғасы болып келеді.
Сирек жағдайларда ғана 3-5 жасар балаларда кездеседі. Әдебиетте 1 жаска дейінгі
балалар арасында анықталған ревматизм туралы жекелеген хабарлар да кездеседі.
Ауылдық жер тұрғындарының арасында, қалалық жерге қарағанда, сирек кездеседі.
Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалар арасында ревматизммен ауратын науқастар
саны азайып келеді. Белоконь Н.А. мәліметтері бойынша барлық балалақ шақ кездерінде
де ревматизммен ауыру азайып келеді. Ол бұның себебін бицилинопрофилактикада,
халықта стрептококқа қарсы иммунитеттің пайда болуында, стрептококктың веруленттік
қасиетінің төмендеуінде және басқа жағдайларда деп біледі.
Достарыңызбен бөлісу: