Электрокардиография. Жүректің электрлік өсі қалыпты немесе солға ығысқан.
Айқын тарылуда жүректің сол бөлімдерінің гипотрофиясы, ырғағының бұзылуының әр
түрлерінің белгілері байқалады.
Эхокардиография. Сол парастернальды қалпында қарағанда, аортаның тарылуы
және орналасқан жері көрінеді. Қақпақтық тарылуда аорталық жармалардың ашылуының
кішіреюі, олардың деформациясы және комиссуралар бойынша жабысуы анықталады;
қақпақүстілік тарылуда – Вальсальв синустары деңгейінде «құм сағат» белгісі;
қақпақасты тарылуда – сол қарыншаның шығару жол аймағында мембрананы көреді.
Рентгенография. Әдетте, өкпе суреті өзгермеген. Сол қарыншалық жүрек
жетіспеушілігі байқалғанда өкпе суретінің веналық типпен күшеюі анықталады. Жүрек
мөлшері азды-көпті солға ұлғайған. Жүрек көлеңкесі айқын білінген мықынымен,
диафрагма үстінде ұшымен көтеріңкі тұрады және оң жағынан кеңейген жоғары
өрмелейтің аорта шығыңқы тұрады.
Емі. «Күйзеліс» жағдайларда жедел хирургиялық ем жүргізеді. Басқа жағдайларда
хирургиялық ем сол қарынша мен аортаның арасындағы қысым градиенті 50 мм с.б.-нан
артық болғанда жүргізіледі.
Туа болған жүрек ақауларының асқынулары
86 кестеде берілген.
86 КЕСТЕ