Гемодинамикасы.
Аорта сағасының тарылуында
гемодинамикалық бұзылыстар
аортаға қан айдауға кедергінің болуына, айдалатын қанның өзінің азаюына байланысты
болады және тарылуы дәрежесіне тәуелді болып келеді. Сол қарынша
гипертрофияланады, оның қуысында соңғы диастолалық қысым артады, жүрек қан ағысы
төмендейді, сол жүрекшеде және өкпе венасында қысым артады. Науқас өсе келе тарылу
деңгейі, жүрек қуысы және жүректің қан айдауы арытуына байланысты, арыта түседі.
Клиникасы.
АСТ-ның орташа деңгейінде клиникалық көрінісі көп білінбейді.
Процесс үдегенде немесе айқын тарылуда ақаудың клиникалық
белгілері науқастың
клиникалық белгілері өмірінің алғашқы күндері-ақ біліне бастайды. Бұндай науқастарға
келесі көріністер тән: терісінің бозғылттығы, ентігу, тахикардия, жүрек жетіспеушілігінің
көріністері, аритмия, жүрек тұсының ауруы, әсіресе дене салмақ түскенде.
АСТ-да жүрек ұшы соғысы күрт күшейген, солға және төмен ығысқан, қол-
аяғындағы пульстің әлсіздігімен қосарланып келеді.
Аритериальды қысым орташа
төмендеген. Жүрек шекаралары солға және төмен қарай кеңейеді. Жүрек негізінде
систолалық діріл анықтауға болады. Жүректің 1-ші тоны әдетте күшейген болып келеді.
Төстің оң жағынан 2-ші қабырға аралықта дөрекі «қырғыш», төстен сол жаққа және оң
жақ мойын тамырларына қарай тарайтын, кейде систолалық шертпекпен қосарланатын,
систолалық айдау шуы естіледі.
Достарыңызбен бөлісу: