Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет917/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   913   914   915   916   917   918   919   920   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Диагностикасы

Миокардиттің клиникалық көрінісі, әсіресе ересек балаларда, өте
аз болып келеді. Содықтан диагноз қою көбіне қиынға соғады. Көбіне балаларда
миокардит нықталмай қалады. Кей жағдайларда диагноз қоюға лабораториялық

құралжабдықтық зерттеу әдістері көмектеседі. 
ЭКГ

миокардиттің өзіне тән белгілері жоқ. Дегенмен, төмендегі белгілер
көмектеседі:
-
ST сегменті мен Т
-
тісшесінің төмендеуі, Т
-
тісшесінің альтернациясы;
-
аритмия (тахи
-
немесе брадикардия, ригидті ырғақ, экстросистолия, эктопиялық
ырғақтың жеделдеуі, атриовентрукулярлық диссоциация және басқалар);
-
өткізгіштігінің бызылуы (синоартриальды, әртүрлі дәрежелі атриовентрикулярлық жә-
не қарыншаішілік блокада);
-
жедел пайда болған жүрек бөлімдерінің гипертрофиясының кешенді ЭКГ
 –
белгілері;
-
кейде амплитуданың өзгеруі және\немесе қарыншалар кешенінің альтернациясы (шар-
тты белгілер).
 ЭхоКГ –
миокардиттің арнайы белгілері жоқ, келесілерді анықтауға болады:
- миокардтың жиырылу функциясының бұзылуы;
- митральды, үшжармалы қақпақтарда және өкпе артериясының деңгейінде қан ағымы-
ның регургитациясын байқауға болады.
- жүрек саңылауының аздап ұлғайғанын байқауға болады;
Рентгенография
– жүрек мөлшерлерінің азды-көпті, әсіресе өкпе тамырлық
суретінің, ұлғайғанын көруге болады;
Қан зерттеулері:
- қабыну процессінің активтілігінің белгілері;
- жүректік антгендер мен антикардиальды антиденелердің байқалуы мүмкін;
- кадиоарнамалық лактатдегидрогеназа, креатинфосфокиназы изоферменттерінң
фракцияларының деңгейінің артуы;
- серологиялық зерттеулер мен себу нәтижелері.
Қоздырғыштарды (вирустар) немесе олардың антигендерін (полимеразды, реакция
- ПЦР басқа орталардан
(нәжіс, перикардиальды сұйықтық, мұрынжұтқыншақ
жуындысы және басқалар)
) анықтау.
Инфекциялық, паренхиматозды миокардиттер
ерте жастағы балаларда байқалады,
әдетте айқын кардиальды синдроммен білінеді, жиі перикардитпен, неврологиялық бұзы-
лыстармен асқынады. Осы жағдайда өнебойы тотальды қанайналым жетіспеушілігі анық-
талады. Басқа мүшелерді тамырларының зақымдалу белгілері байқалады. Осындайда ауру
көбіне торпидті және толқын тәрізді ағым сипатын алып, интеркурентті инфекциялар қо-
сылады. Патологиялық процесстің жағымды ағымында аурудың тез оң ағымы байқалады.
Постстрепкоккты миокардиттер
негізінен ересек жастағы балаларда кездеседі.
Тиімді ем тағайындалса жағымды дамиды да, әдетте қанайналым жетіспеушілігі
566


айтарлықтай болмайды. Стрептококқа қарсы ангтиденелердің титрі арытса және
стрептококк инфекцияларының ошақтары анықталса, диагноз нақтырақ қойылады.
Миокардиттің тамырлық зақымдалуларында
ауырсыну синдромы, қозу функция-
сының бұзылуы (экстрасистолия), жүрек мөлшерінің шамалы артуы және қанайналым
жтіспеушілігі байқалады. Басқа мүшелер мен жүйелердің тамырларының зақымдалу
белгілері (бөртпе, артралгиялар, микрогематурия, серозиттер және басқалар) анықталады.
Абрамов-Фидлер идиопатиялық миокардиті
– миокардиттердің ерекше түрі.
Кеселдің этиологиясы мен патогенезі белгісіз. Идиопатиялық миокардит үшін тән: айқын
экстракардиальды және кардиальды синдромдармен манифесті ауыр ағым; жоғары
дәрежелі қанайналым жетіспеушілігі; ырғақтың бұзылуы (экстрасистолия,
пароксизмальды тахикардия, жыбыр аритмиясы және басқалар); миокардтің жирылу
мүмкіндігінің күрт төмендеуі; жүрек шектерінің айқын кеңеюі.
9.3.2. Кавасаки ауруы
: 1) клегейлердің өзгеруі (әсіресе, ауыз қуысының және тыныс
жолдарының); 2) аяқ-қолдарының және аяқ-қолдарының бастарының терісінің өзгеруі
(табан мен алақан қызарады, ісік, аяқ-қолының саусақтарының көпшікшелірінің түлеуі);
3) көз өзгерістері (жас ақпай конъюктива тамырларының қызаруы); 4) біржақты, әсіресе
мойын (1,5 см-ден артық), лимфа түйіндерінің ұлғаюы; 5) денесінде везикуласыз немесе
қабыршақсыз бөртпелер пайда болады; 6) 5 күннен артық байқалатын дене қызуының (40
о
және одан жоғары) көтерілуі.
9.3.3. Туа біткен (кеш) кардит
жүрек құрсақішілік кезеңнің 7 айынан кейін
зақымдалғанда (кеш фетопатия) байқалады. Бұндай жағдайда әдеттегі қабыну реакциясын,
патологиялық процесске екі немесе үш қабаттың бірдей, өткізгіштік жүйенің, кейде жүрек
тамырларының қамтылуын (фиброэластозбелгілерісіз) байқауға болады. Әдетте,
кардиосклероз және құрсақішілік қалыптасқан компенсаторлы миокард гипертрофиясы
байқалады. Экстракардиальды синдромдар кешенінде емгенде шаршағыштық, тершеңдік,
3-5 айдан бастап дене салмағын дұрыс қоспау, ОНЖ-дегі өзгерістер (мазасызданудың,
ентігудің және цианоздың арытумен, «тез ару» ұстамасы, құрысу синдромы және
синкопальды жағдай) басым болып келеді. Кардиальды синдромының айқындылығы
миокард зақымдалу дәрежесіне сәйкес болады, жиі-орташа.
Миокардиодистрофия –
миокардта активті қабыну процессі болмағанда, келесі
критериялар негізінде қойылатын диагноз: 
- миокардтың зақымдалуы өмірлік қажетті функциялардың – тыныс алу, тамақтану,
электролиттік қамсыздандыру және басқалар – бұзылуына байланысты;
- миокардтің зақымдалуы миокардта метаболикалық бұзылыстар тудыратын аурулармен
немесе жағдайлармен немесе оның оған шектен тыс функциялық салмақ түсуіне
байланысты;
- оң динамиканың болуы: 1) негізгі ауруды емдегенде зақымдалған мүшелердің функци-
яларының, зат алмасуының қалыптасуы; 2) физикалық салмақты азайтқанда; 3)
кардиотрофиялық ем және кардиотрофикалық заттармен сынамалар жүргізгенде;
Миокардиосклероз –
келесі критериялар негізінде, балаларды ұзақ уақыт бойына (1
жылдан кем емес) бақылау нәтижесінде қойылатын диагноз:
- клиникалық және лабораториялық-құралжабдықтық зерттеулер әдісімен дәлелденген
миокардтің зақымдалуының тұрақты белгілер кешені;
- салмақтық немесе дәрілік сынамалар жүргізгенде жүрек зақымдалуы белгілерінің
өзгеруінің анықталмауы.
Миокардиосклероз миокардиттің жағымсыз ақыры.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   913   914   915   916   917   918   919   920   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет