Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


күл, иерсиниоз, стафилококктық инфекция және басқалар. Бактерия- лық миокардиттер балаларда сирек байқалады, әдетте 5 –



Pdf көрінісі
бет914/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   910   911   912   913   914   915   916   917   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

 
күл, иерсиниоз, стафилококктық инфекция және басқалар. Бактерия-
лық миокардиттер балаларда сирек байқалады, әдетте 5

6 жастан кейін байқалады.
Вирусты-вирусты және вирусты-бактериальды ассоцияцилар
миокардиттің ең жиі
кездесетін этиологиялық факторлары болып келеді. 
Басқа инфекциялар
: микоплазмалық инфекция; риккетсиоздар (тиф-сүзек);
саңырауқұлақтық инфекциялар (актиномикоз, гистоплазмоз және басқалар); қарапайымдар
инфекциясы – трипаносомоз (Шагас ауруы), токсоплазмоз және басқалар.
2. Инфекциялық емес факторлар 
(сирек кездеседі).
Дәнекер тіндерінің иммунопатологиялық аурулары.
Кавасаки синдромы.
Аллергиялық аурулар
(сарысу ауруы, өкпе эозинофильді инфильтраты, Стивен-
Джонсон синдромы, дәрілік аурулар және басқалар).
Метаболикалық бұзылыстар
(уремия, микседема және басқалар).
Лейкоз және залалды ісіктер метастазы.
564


Химиялық немесе физикалық әсерлер:
 
сәулелі зақымдалулар (ионизациялық
радиация); токсиндер әсері (қорғасын және басқалар); дәрілік препараттардың әсері
(доксорубицин және басқалар); жануарлар шағуы (жылан, қарақұрт және басқалар); жүрек
жарақаты (доғал немесе тесіп өтетін), посткардиотомиялық синдром.
Патогенезі.
Миокардиттер патогенезінде, патологиялық процессте өзіндік жеке
ағымдық көрініс қалыптасуға ықпал ететін, механизмдерді төрт негізгі топқа бөледі: 
1.
Патогендік фактордың кардиомиоциттерге тікелей әсер етуі
(инфекциялық,
паренхиматозды миокардит). Бұндай механизм, әдетте вирусты инфекцияларды
байқалады.
2.
Миокардтың тамырлық зақымдалуы
келесілермен: а). Кейбір қоздырғыштардың
«эндотелиотроптығы» (грипп вирусы, аденовирус, микоплазма және басқалар);
б). Инфекциялық және инфекциялық емес иммунокомпонентті зақымдалулар (дәнекер
тіннің иммунопатологиялық аурулары).
3.
Жүрек тіндерімен қарама-қарсы әсерлесетін антиденелер және активтелінген
лимфоциттердің зақымдау әсері
. Бұл механизм, өз патогенезі бойынша ревматикалық
миокардитке жақын, бірақ одан жалпы белгілері болмауымен ажыратылатын,
постстрептококкты миокардитке тән. 
4.
Миокардтың іріңді метастатикалық зақымдалуы
септикопиемиялық
процесстерде байқалады және балаларда сирек кездеседі. 
Жіктелісі.
Миокардиттердің жалпы қабылданған жіктелісі педиатрияда жоқ. Н.А.
Белоконь мен М.Б. Кубергер ұсынған жіктеліс (1987) 
92 кестеде
берілген.
92 КЕСТЕ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   910   911   912   913   914   915   916   917   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет