Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ЖҮРЕК ЖЕТІСПЕУШІЛІГІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ВАЗОДИЛАТАТОРЛАР



Pdf көрінісі
бет950/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   946   947   948   949   950   951   952   953   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

ЖҮРЕК ЖЕТІСПЕУШІЛІГІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ВАЗОДИЛАТАТОРЛАР
(Сусла Г.М., Мазур Г., Куньон Р.Е. және басқалар, 1999)
Препарат
Дозасы
Әсері
Токсикалық
дәрежісі
Ж ү к т е м е а л д ы н т ө м е н д е т у
(негізінен веналық вазодилатация)
Нитраттар 
(нитроглицерин)
Балалар үшін: 
минутына 0,1-25мкг/ 
кг көктамырға 
Үлкендерге: 
минутына 20-300 мкг,
көктамырға
Веналық сыйымдылықты 
жоғарылатады; толу 
қысымын төмендетеді; 
коронарлы тамырларды 
кеңейтеді;артериялық 
қысымға әсер етеді
Бас ауру, 
тахифилаксия
Ж ү к т е м е д е н к е й і н г і т ө м е н д е т у
(негізінен артериялық вазодилитация)
Гидралазин
Балаларға: 1мг/кг тәу 
лігіне 3-4 рет ішкізеді
Үлкендерге: 25-100 
мг-нан әрбір 6 сағат 
сайын ішкізеді.
Тамырлардың бірыңғай 
салалы бұлшықеттерінің 
тікелей релаксанттары; 
нитраттармен қосып 
беріледі.
Перикардит, 
невропатия, бас 
ауруы 
рефлекторлы 
тахикардия
Жүктеме алдын және жүктемеден кейінгі төмендету
(келістірілген веналық және артериялық вазодилитация)
Нитропруссид 
Каптоприл 
Эналаприл 
Балаларға: минутына 
0,5-8мкг/кг көктамырға
Үлкендерге: минутына 
5-10мкг/кг көктамырға.
Балаларға: 0,5-3 мг/кг 
тәулігіне 3 рет.
Үлкендерге: 6,25-50 мг 
әрбір 6 сағат сайын 
беріледі.
12 жастан ересек 
балаларға және 
үлкендерге: 2-10 мг 
тәулігіне 2 рет беріледі.
өкпедегі қан іркілісін 
төмендетіп, жүректің 
минуттық көлемін 
жоғарылатады
Сол қарынша 
шамасыздығы бар 
науқастардың өмірін 
ұзартады
Каптоприлмен бірдей
Естің шатасуы, 
құсу, әлсіздік, 
анион дефицитіне 
байланысты аци-
доз, қалтыраулар, 
қолдануды тоқтат-
қанда артериялық 
қан қысымның 
жоғарылуы
Азотемия; 
гиперкалиемия; 
идиопатикалық 
жөтел; бөртпе; 
тамырлық ісіну; 
агранулоцитоз.
Агранулоцитоз-
дан басқасы 
каптоприлмен 
бірдей
Сұйықтықты шектеу
– тек ауыр жүрек шамасыздығында ғана жүргізіледі. Емшек
жасындағы балаларда сүт қоспаларына шектеу салуға болмайды. 
Диуретиктерді
қанның электролитті алмасуын бақылай отырып тағайындайды. Олар
шок және жедел бүйрек шамасыздығында көмек бермейді 
(99 кесте).
99 КЕСТЕ
ПЕДИАТРИЯДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ДИУРЕТИКТЕР
585


Препараттар
Дозасы
Әсер ету механизмі
Қарсы
көрсеткіштері
Фуросемид 
(лазикс)
Этакрин 
қышқылы 
(урегит)
Гидрохлортиазид
(гипотиазид)
Спиронолактон 
(альдактон, 
верошпирон)
Ацетазоламид 
(диакарб)
1мг/кг көктамырға 
1-2 минут ішінде, 
2-3мг/кг тәулігіне 
ішкізіледі.
1мг/кг көктамырға, 
тәулігіне 2-3 мг/кг, 
ішкізеді.
2-3 мг/кг тәулігіне
2 рет ішкізеді.
1-3 мг/кг -нан 
тәулігіне
2 рет ішкізеді.
тәулігіне 5мг/кг 
ішкізеді.
Генле ілмегінің өрлеу-
ші түтігінде Cl реаб-
сорбциясын тежейді.
Фуросемидпен бірдей
Генле ілмегінің өрлеу-
ші түтігінде Na реаб-
сорбциясын тежейді
Альдестерон тәуелді Na
және К алмасуын 
тежейді. Басқа 
диуретиктермен қосып 
тағайындайды
Карбоангидраза 
ингибиторы
Анурия 
Анурия 
Анурия, бүйрек жетіс-
пеушілігі, сульфанила
-мидтерге аллергия.
Бүйрек шамасыздығы
Гипокалиемия,анурия,
бүйрек шамасыздығы, 
гиперхлоремия, 
ацидоз
Кардиотрофикалық ем.
Полиризациялайтын Лабори қоспасы
(гиперинсулярлық
вариант) – венаға тамшылатып 30-40 минутта келесі қоспаны енгізеді: 20% глюкоза
ертіндісі – 5 мг\кг, 7,5% калий хлорид ертіндісі – 0,3 мл\кг; инсулин – 1 бірлік/кг.
Басқа кардиотрофикалық заттар қосымша тағайындалады. Панангин 0,25 мл\кг баяу-
латып венаға жіберіледі; Панангин (аспаркам) 0,5-1 дражеден тамақтан кейін тәулігіне 2- 3
рет ішкізіледі. Фосфокретин (неотон) – 0,5-1,0 г-нан венаға тамшылатып тәулігіне 2 рет
жасалады. Цитохром С (Цитомак) – 15мг-ға дейін венаға тамшылатып тәулігіне 2 рет
жіберіледі. Солкосерил – 5-10 мл -ден тәулігіне 1 рет қолданылады. Триметазидин
(предуктал) – тәулігіне 0,02-0,04г-нан тамақпен бірге ішкізіледі. Рибоксин – 0,1-0,2 г-нан
тамаққа дейін тәулігіне 2-3 рет ішкізеді. Калий орататы – 10-20мг\кг тәулігіне 2-3 рет
ішкізеді. Кальций пантотенаты 1-3 жастағы балаларға 0,005-0,1г-нан; 3-14 балаларға 0,1-
0,2 г-нан тәулігіне 2 рет ішкізеді. Поливитаминдер жасына байланысты беріледі. 
Жедел жүрек жетіспеушілігінде (клиникалық белгілері тез дамығанда) емдік
әсерлерге кіреді: 1. Жүктемеалдын реттеу (жүрекке веналық қанның келуінің сәйкестілігін
қамтамасыз ету); 2. Миокардтың инотроптық әрекетін жақсарту (жүрек гликозидтері ең
алғашқы қолданатын дәрілерге жатпайды); 3. Жүктемеден кейінгі салмақты төмендету
(тамырлардың шеткі қарсылығын төмендету) – жүректің тиімді жұмыс жасауын
қамтамасыз ету; 4. Кардиотрофикалық дәрілер тағайындау.
Созылмалы жүрек жетіспеушілігінде (клиникалық белгілерінің баяу дамуы) сатылы
ем жүргізіледі. 
1 дәрежелі жетіспеушілкте:
1. Физикалық жүктемені, тұз және сұйықтықты көп
қолда-нуға шектеу қояды; 2. Кардиотрофикалық дәрілер тағайындайды; 3. Негізгі ауруды
емдейді.
ІІ А дәрежелі жетіспеушілікте
: 1. Төсектік режим тағайындайды, сұйықтық пен тұз
қабылдауды шектейді; 2. Кардиотрофикалық емді жалғастырады; 3. Жүрек
гликозидтерімен ем қосылады.
586


І Б дәрежелі жетіспеушілікте:
1. Қатаң төсектік режим ұсынылады (төсекте
кеудесін жоғары көтеріп жатқызу), емдәмде тұз және сұйықтықты шектеу (кейде тәуліктік
норманың 2\3 бөлігіне дейін), жеңілдету емдәмін және бөлшектеп тамақтандыру
қолданылады; 2. Кардитрофикалық емді жалғастырады; 3. Оттегі береді; 4. Инотропты
препараттармен емді жалғастырады; 5. Диуретиктер тағайындайды.
ІІІ дәрежелі жетіспеушілікте: 
1. Барлық бар дәрі-дәрмектерді қолданып кешенді ем
жасайды; 2. Организмдегі дистрофиялық өзгерістердің симптоматикалық емін жүргізеді.
Жүрек гликозидтерін қолдану емнің ең тиімді әдісі болып есептеледі. Жүрек
гликозидтері дәрілердің түріне қарамастан, жүрек бұлшық етіне әсер етеді – жүрек
бұлшық еттерінің оттегіге мұқтаждығын арттырмай-ақ, оның жиырылу қабілетін
арттырады. Дегенмен, әртүрлі гликозиттердің әсер ету жылдамдығында, әсерінің
ұзақтығында, улығында, жүрек қызметінің ырғағына әсер ету дәрежесіне және т.б.
айырмашылықтары бар.
Жүрек гликозидтерімен емдеудің негізгі принципі – қан құрамындағы емдік дозасы
толық концентрациясына жеткізіп, болашақта сол концентрацияны қамтамасыз етіп отыру
болып табылады. Осыған байланысты жүрек гликозидтерімен емдеу екі кезеңге бөлінеді:
Бастапқы дигитализация немесе қанықтыру кезеңі және “сүйемелдеу” (сақтау) емі кезеңі.
Бірінші кезеңде дәрінің тұрақты емдік әсерге қажетті мөлшері беріледі. Екінші
кезеңде дәрінің элиминация коэффициентіне тең, қанықтыру дозасын ұдайы сүйемелдеп
(сақтап) тұратын дозасы 
(100 кесте)
беріледі.
100 КЕСТЕ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   946   947   948   949   950   951   952   953   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет