Ағымы және ақыры.
Ең маңызды болжамдық фактор болып науқаста бүйрек
зақымдалуының байқалуы есептеледі.
Науқастың жүйелі қызыл жегіден өлу себептері:
1. инфекциялар;
2. жегілік нефрит, бүйрек жетіспеушілігі және олардың асқынулары;
3. жүрек-тамыр жүйесінің зақымдалуы;
4. ОНЖ зақымдалуы.
Ерте анықтап, мерзімінде емдегенде сауығу 90% науқастарда байқалады, бірақ 10%,
әсіресе ерте люпус-нефрит байқалатындарда болжамы жағымсыз болып қала береді.
9.8.4. ДЕРМАТОМИОЗИТ
Дерматомиозит (
полимиозит
)
(ДМ)
–
қаңқа бұлшық еттерінің үдемелі жүйелік
зақымдалуы, жиі терінің зақымдалуымен қосарланатын ауру.
ЮРА-ға, ЖҚЖ-ге немесе геморрагиялық васкулиттке қарағанда, сиректеу кездеседі. 2
жасқа дейінгі балалар сирек ауырады, ең жоғары аурушаңдық 10-15 жаста байқалады,
қызбалалар мен ербалалар шамалас ауырады.
Достарыңызбен бөлісу: |