Маңызды орынды емдік тамақтандыру алады. Бұл кезде ана сүті, көп мөлшерде
сұйықтық – мұздатылған шай, натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінің 5%-дық
глюкозамен қосып тағайындайды. Сұйықтықты аз мөлшерден жиі-жиі береді. Ересек
балаларға кілегейлі суп-пюре, майсыз сорпалар, қытырлақ нан, кисель, ботқалар беруге
болады, 5-7 күннен кейін баланы қалыпты тамақтандыруға ауыстырады. Тағамның
рационынан ащы тамақтар, қуырылған ет, консервілер алынып тасталынады.
Токсико-инфекциялық гастритте антибактериальды терапия (ампицилин, оксацил-
лин, ципорин, гентамицин), ферменттер, В-тобының витаминдерін тағайындайды.
Алдын-алу
:
ауру алдын-алу үшін тиімді тамақтану мен тамақтану гигиенасын ұсыну
керек. Асқазанның кілегей қабатын зақымдайтын заттарды ұзақ қолданбау керек.
Жағымсыз, тұрып қалған тағамдарды қолданбау керек.
Достарыңызбен бөлісу: