Диагностикасы.
ФД диагнозы, арнайы зерттеулер жүргізбей-ақ, анамнез және қарау
мәліметтер негізінде қойылуы мүмкін.
Эндоскопияда
асқазан клегей қабаты әдетте, өзгермеген, бірақ, созылмалы
қабынудың гистологиялық өзгерістерісіз, беткейлі «жұмыстық» гиперемия (көбіне бұл
көрініс гастриттің гипердиагностикасына себеп болады) байқалуы мүмкін.
Асқазанның сөліністік функциясы (рН-метрия және фракциялық зондтау мәліметтері
бойынша ) қалыпты немесе бұзылған, көбіне жоғары болады.
Моторикалық бұзылыстар:
сфинктердің спазмы, перисталтиканың күшеюі,
дуоденогастральды рефлюкс, кардияның жетіспеушілігі.
Функциялық бұзылыстарды анықтау үшін асқазан функциясының базистік деңгейін
анықтаумен қатар, арнайы сынамалар жүргізу (сөлініс стимуляторларымен фармакология-
лық сынамалар, физикалық салмақпен сынамалар) қажет болады. Диагноз қойғанда фон-
дық ауруларды анықтау керек. Қажет болған жағдайда ОНЖ, вегетативті нерв жүйесінің
жағдайын бағалайды, инфекциялар ошағының, паразиттердің және басқалардың бар
жоғын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |