Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1011/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1007   1008   1009   1010   1011   1012   1013   1014   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Этиологиясы.
 
Он екі сақиналы ішек ойық жарасы ауруы даумуының негізгі факторы
болып, тұқым қуалаушылыққа бейімділік есептеледі. Ойық жара ауруына отбасылық
бейімділік 60-80%, асқазан сөлінің жаугершілік қасиетінің артуы 100% жағдайда
байқалады. 
Ойық жара ауруына бейімдеуші факторларға төмендегілер жатады:
1. Helicobacter pilori (Нр)-мен инфекциялану. Ойық жара байқалатын балалардың
асқазанының антральды бөлігінің кілегей қабатында Нр 99%, он екі сақиналы ішек
кілегей қабатында 96% жағдайда анықталады. 
2. ерте жасанды тамақтандыруға ауыстыру асқазан антральды бөлігінің кілегей қабаты-
ның G (гастринөндіруші) және Ecl (гистаминөндіруші) жасушаларының көбеюін
индукциялайды;
3. алиментарлық бұзылыстар;
4. кейбір дәрілерді ұзақ уақыт қабылдау (салицилаттар, глюкокортикоидтар, цито-
статиктер және т.б.);
5. отбасының өмір салтыны ерекшеліктері – отбасының жағдайын ұйымдастыру және
балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері, тамақтануыдың отбасылық ерекшеліктері, қарым-
қатынасы және т.б.;
6. гиподинамия немесе физикалық салмақ түсу;
7. созылмалы инфекциялар ошағы;
8. ішек паразитоздары;
9. нервтік-психикалық салмақ түсу;
10. шылым шегу және токсикомания;
11. тағамдық аллергия.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1007   1008   1009   1010   1011   1012   1013   1014   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет