Диспансерлік бақылау.
Науқастар гастроэнтерологтардың бақылауында 3 жыл
бойына болады. Сауығу кезінде қажет:
- аяушы емдәмді сақтау;
- фитотерапия – шайшөп, мыңжапырақ, сүйелшөп, түймедақ қайнатпалары 2 - 3 апта
бойына (күзде және көктемде);
- физиотерапия – кальций, броммен электофорез, динамикалық ток, гидротерапия, бал-
шықпен емдеу;
- минеральды сулармен («Ессентуки № 4», «Славянская», «Смирновская», «Боржоми»)
3-4 айдан кейін 2-3 аптадан қайталап ем жүргізеді;
- витаминдермен (А, В, С топтары) қайталап ем жүргізеді.
Санаториялық-курорттық ем
өршуден кейін 3 ай өткен соң жүргізіледі. Жылына бір
рет ЭГДС және Нр эррадикациясы бақыланады. Диспансерлік есептен 3 жыл бойына
үздіксіз толық клиникалық ремиссия бақайлғанда ғана шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |