Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1149/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1145   1146   1147   1148   1149   1150   1151   1152   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

14.2. Теміртапшылық анемия
– теміртапшылығының ең ауыр түрі,
лабораториялық тұрғыдан сипатталады: гемоглобиннің қанның көлемдік бірлігінде
және бір (әрбір) эритро-цитте концентрациясының азаюы; эритроциттердің
микроцитозымен, анизацитозымен, пойкилоцитозбен; төмен реңдік көрсеткішпен, қан
сарысуындағы темір мен ферритиннің мөлшерінің төмендеуімен; трансферриннің
темірмен қанығуының төмендеуімен, сарысудың темір байланыстырушы қабылетінің
және эритроцитарлы протопорфириннің артуы.
Клиникалық көрінісі:
Жеңіл, орташа дәрежелі, ауыр дәрежелі деп бөледі.
Анемияның жеңіл түрі баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық күйде
болатындақтан, жиі анықталмайды. Көңіл аударарлық жағдайлар: енжарлық, тәбет
нашарлауы, бозғылттық, тітіргенгіштік, сәл салмақ жетіспеушілік.
Орташа ауырлықтағы анемиялар айқын көріністермен көрінеді: айқын енжарлық,
апатия, адинамия, тәбетінің тез төмендеуі. Терісі құрғақ, шаштары жұқа, сирек. Пульс
жиі, жүрек ұшында функциялық систолалық шу естіледі.
Анемияның ауыр түрі бірте-бірте, жайлап дамиды. Басты белгісі болып тері
жамылғысы мен кілегей қабықтардың өршіген бозғылттығы саналады. Эпителияльды тін
зақымдалуының көріністері пайда болады: құрғақтық, терісінің түлеуі, тырнақтардың
сынғыштығы, шаштары жіңішке және сынғыш, ауыз айналасындағы жырықтар. Кейде
бет існулері байқалуы да мүмкін. Аяқ-қолдары ұстап қарағанда салқын, бұлшықет
гипотониясы болады. Сонымен қатар, тәбеттің тез төмендеуі не бұрмалануы (науқастар
бор, саз жейді), салмақ қосудың төмендеуі байқалады. Жүрек-тамыр жүйесінде
функциялық өзгерістер – тахикардия, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Бауыр мен
талақтың ұлғайғаны білінеді. 
Белоктық жетіспеушілік – темір тасымалын қамтамасыз ететін, қордағы темірді
байланысытыратын, гемоглобин түзетін белок өніміне кедергі жасайдыда, негізінен
эритроциттердің аз түзілуіне әкеліп, анемияның пайда болуына әсерін тигізеді.
696


Витамин жетіспеушілік (В
1
, В
2
, В
6
, РР, С) белоктық алмасуда және басқа да алмасуда
метоболизм жағдайларында көрініс береді. Гемопоэз процесіне тән В
12
және фолий
қышқылы. Балаларда көбіне ішек құрттары ауруларында байқалады. Негізінен осы екі
витаминнің жетіспеушілігіне байланысты эритроциттердің түзілуі шектеледі де, анемия
дамиды. Бірақ, бұндай анемиялар басқада витаминдер жетуспегенде анықталуы мүмкін.
Хлороз (бозғылт) – анемияның предпубертатты және пубертатты кезеңде қыз
балаларда байқалатын ерекше түрі. Алғашқыда Гиппократ morbus virginum, ал, 1629 жылы
Vazandal хлороз ретінде суреттеген дерт. Дерттің клиникасында әлсіздік, шаршағыштық,
қызмет істеуге қабілетінің төмендеуі, жүрек соғуы, басының айналуы, басының ауруы,
ентігу, тәбетінің айтарлықтай төмендеуі, іші қатуға бейімділік байқалады. Шеткі лимфа
түйіндері, бауыр мен талақ әдетте үлкеймейді. Дене жамылғыларының аппақ қудай болып,
жасыл түстенуі байқалады. Науқастар бор, балшық, құрғақ жармаларды жеуге құмар
болады. Кейбіреулер керосин немесе бензин исінен ләзат алады. Шеткі қан анализінде
эритроциттер санының 3,5-2 млн-ге, гемоглобин мөлшерінің айтарлықтай (50-33 г/л),
реңдік көрсеткіш тіптен 0,4-0,5-ке дейін төмендейді. Қан сары суындағы темір және белок
мөлшері төмендейді, ал эритрциттердің осмотикалық беріктігі (резистентілігі) өзгермейді.
 
Қазіргі кезде теміртапшылық анемияны синдромды қарастыру кеңінен қолданылады:
Астеноневротикалық синдром:
шаршағыштық, қозғыштық, күйгелек, эмоциялық
тұрақсыздық, тершеңдік; психикалық-моторикалық дамуында қалыс қалу; енжарлық,
астения, апатия; тәбетінің төмендеуі; ойын жинақтау қабылетінің төмендеуі; негавитизм.
Ересектеу балаларда -басының ауруы, басының айналуы, құлағының шуылдауы, көз
алдының қарайытуы, жүрек тұсының шаншуы, тәбеті бұрмаланып известь, бор, шикі
картоп және ет жеу, сонымен қатар геофагия (жер, топырақ жеу), пагофагия (мұзды,
балмұздақты көп жеу), дәм сезуінің бұрмалануы; дизуриялық бұзылыстар.
Эпителиальдық синдром –
терінің (әсіресе алақанының, тырнағының), кілегей
қабатының (конъютиваның бозғылытығы тән) және құлақ қалқанының бозаруы; терісінің
құрғақтығы мен түлеуі; терінің, тырнақтардың (койлонихиялар – тырнақтардың
ойыстануы), шаштың (сиреуі, жоғары сынғыштығы, түсуі, көмескіленуі, сиреуі), ауыз
қуысының кілегей қабатының, тілдің (анулярлы стоматит, бұрлерінің тегістелуі, тілінің
тегістелуі, тілдің қызаруы, тілдің күю сезімінің байқалуы, атрофиялық глоссит);
склераның көгеруі; дуоденит, Пламмер-Винсон белгісі – қатты тамақты жұтуының
бұзылуы, мальабсорбция және мальдигестиямен энтеропатия, тұрақсыз нәжіс, жүрек
айнуы; кейде терісінің алебастр түстеніп, жасыл түске оранады (хлороз).
Жүрек-тамыр синдромы:
тахикардия (ентігу сирек болады), артериялық гипотонияға
бейімділік, жүрек тондарының әлсіреуі және салыстырмалы жүрек тұйықтығының шека-
раларының ұлғаюы, жүрек ұшында, үлкен тамырлар тұсында функциялық систолалық шу.
Бұлшықеттік синдром
– бұлшық еттік гипотония, тез шаршағыштық, энурез немесе
сфинктердің әлсіздігіне байланысты зәрін ұстай алмау, іш қатуы.
Екіншілік иммундық жетіспеушілік синдромы:
темір тапшылығын үдете түсетін жиі
ЖРВИ, певмониялар, ішек инфекциялары. Темір жетіспеушілігінің сиректеу белгілеріне
бауырдың және талақтың ұлғаюы, ісіну жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1145   1146   1147   1148   1149   1150   1151   1152   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет