Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1217/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1213   1214   1215   1216   1217   1218   1219   1220   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Диагностикасы.
 
ЛГМ-ды анықтаудың негізі, зақымдалған лимфтүйінін биоптатын
гистологиялық зерттеп, көпядролы, дәу Рид-Березовский-Штернберг жасушаларын немесе
олардың бірядролы нұсқасын – Ходжкин жасушасын анықтау болып келеді. Рентгеноло-
гиялық зерттеу, КТ, УДЗ барлық лимфомаларда лимфатүйіндерінің ұлғайғанын анықтау
үшін қажет. Дерттің ерте сатыларында сүйек майы зақымдалмайды, сондықтан
миелограмма мәлімет бермейді. ІV және В сатыларында трепанобиопсия жасалады. 
Ажырату диагнозы.
 
ЛГМ-дың мойын түрінде туберкулезді және басқа лимфаденит-
термен ажырату керек. Бұндай жағдайда ауыз қуысында (периодонтит, созылмалы
726


тонзиллит және басқалар), мұрынжұтқыншақта (аденоидиттер және басқалар), мұрынның
қосымша қуыстарында әртүрлі созылмалы инфекциялар байқалады. Айқын интоксикация
белгілері, қанда қабынуға тән өзгерістер байқалады, лимфатүйін ортасында жұмсарған
аймақ (участок) анықталады. Сонымен қатар Брилл-Симмерс ауруын, инфекциялық моно-
нуклеозды, лейкозды естен шығармау керек. Көкірек қуысы зақымдалғанда туберкулез-
бен, саркоидозбен, айырша бездің ісіктерімен, ходжкиндік емес лимфомолармен ажырату
керек болады. Іш қуысындағы зақымдалуларда туберкулездік мезадиниттермен, псевдоту-
беркулезбен, ходжкиндік емес лимфомалармен, ал гепатоспленомегалияда жинақталу
ауруларымен, портальды гипертензиямен, созылмалы гепатитпен, бауыр циррозымен,
ісіктермен ажырату керек. 
Емі.

Арнайы гематологиялық ауруханаларда емделеді. Химио- және сәулелік ем,


GPOH - HD95 хаттамасы қолданылады. Емдеу курсы (2-6) аурудың сатысына байланысты,
содан соң қамтылған аймақтарды ғана 25-30 Гр. мөлшерінде жүргізіледі. Химиотерапияны
қосарлау қыз балалар мен ұл балаларда бөлек жүргізіледі. Жасөспірімдерде балаларға
арналған хаттамалар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1213   1214   1215   1216   1217   1218   1219   1220   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет