тонзиллит және басқалар), мұрынжұтқыншақта (аденоидиттер және басқалар), мұрынның
қосымша қуыстарында әртүрлі созылмалы инфекциялар байқалады. Айқын интоксикация
белгілері, қанда қабынуға
тән өзгерістер байқалады, лимфатүйін ортасында жұмсарған
аймақ (участок) анықталады. Сонымен қатар Брилл-Симмерс ауруын, инфекциялық моно-
нуклеозды, лейкозды естен шығармау керек. Көкірек қуысы
зақымдалғанда туберкулез-
бен, саркоидозбен, айырша бездің ісіктерімен, ходжкиндік емес лимфомолармен ажырату
керек болады. Іш қуысындағы зақымдалуларда туберкулездік мезадиниттермен, псевдоту-
беркулезбен, ходжкиндік емес лимфомалармен, ал гепатоспленомегалияда
жинақталу
ауруларымен, портальды гипертензиямен,
созылмалы гепатитпен, бауыр циррозымен,
ісіктермен ажырату керек.
Емі.
Арнайы гематологиялық ауруханаларда емделеді. Химио- және сәулелік ем,
GPOH - HD95 хаттамасы қолданылады. Емдеу курсы (2-6) аурудың сатысына байланысты,
содан соң қамтылған аймақтарды ғана 25-30 Гр. мөлшерінде жүргізіледі. Химиотерапияны
қосарлау қыз балалар мен ұл балаларда бөлек жүргізіледі. Жасөспірімдерде балаларға
арналған хаттамалар қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: