Қант диабетінің жіктемесі (ДДҰ 1999 ж)
:
I.
Қант диабетінің І-ші типі
(абсолюттік инсулиндік жеткіліксіздікке әкеле-
тін ұйқы безенің β-жасушаларының деструкциясы): аутоиммунды және идиопатиялық.
II. Қант диабетінің ІІ-ші типі
–
(инсулинге резистенттіліктің басымдылығы-
мен және салыстырмалы инсулиннің жеткіліксіздігі немесе инсулин түзілуінің кемістігі-
нің басымдылығымен және инсулинге резистенттілікпен бірге немесе оның болмауымен).
III. Қант диабетінің басқа да арнамалы типтері
:
β-жасушаларының тектік мүкістігі (MODY-1, MODY-2, MODY-3, MODY-4, ДҢҚ
митохондралды мутациялар және басқалар);
Инсулин әсерінің тектік мүкістіктері (инсулиннің А түріне резистенттілік,
липоатрофиялық диабет, лепречуанизм, Робсон-Менденхолл синдромы және басқалар);
Ұйқы безінің экзокриндік бөлігінің аурулары (панкреатит, жарақат, неоплазиялар,
гемохроматоз, фиброкалкулезді панкреопатия және бас.);
Эндокринопатиялар (акромегалия, Иценко-Кушинг синдромы, феохромоцитома,
тиреотоксикоз және басқалар);
Дәрілер немесе химиялық заттардың (вакор, никотин қышқылы, глюкокортикоиты-
стероидтар, тиреоидты гормондар және басқалардың) әсерлерінен туындайтын диабет;
Инфекциялардың (туабіткен қызамық, цитомегаловирустар және басқалардың)
әсерлерінен туындайтын диабет;
Иммундық жүйе (инсулинді қабылдауыштарға қарсы, инсулинге қарсы антиденелер
және басқалар) арқылы туындайтын диабеттің өзгеше түрлері;
Тұқым қуалайтын синдромдармен біріккен диабет (Дауна, Тернер, Вольфрам,
Клайнфельтер, Лоренс-Мун-Бидл, Прадер-Вилл синдромдары және басқалар);
Достарыңызбен бөлісу: |