І типті қан диабетінің диагностикасы
:
1. Клиникалық белгілері.
2. Гипергликемия. Қалыпты жағдайда капиллярлы қанда глюкозаның деңгейі ашқарында
– 3,3-5,5 ммоль/л. Постпрандиалды гликемия (тағам қабылдағаннан 2 сағ кейінгі қан-
дағы глюкоза деңгейі) 7,8 ммоль/л аз. Қант диабеті кезіндегі глюкоза деңгейі – ашқа-
рында 6,1 ммоль/л және одан жоғары. 2 сағ кейін – 11,1 ммоль/л және одан жоғары.
3. Кетонурия.
4. Қант диабеті диагнозын нақты қоюда басты болып, қанда аутоантиденелердің
анықталуы.
Егер капиллярлы қандағы глюкоза деңгейі ашқарында 6,1 ммоль/л-ден кем болса
және глюкозаны перооральды енгізгеннен кейін (1,75 г/кг) 2 сағ соң 7,8-11,1 ммоль/л
деңгейінде болса, онда глюкозаға төзімділіктің бұзылысы анықталады.
Ашқарында гликемия бұзылысы: ашқарыңда қант 5,6 ммоль/л-ден көп, бірақ 6,1
ммоль/л-ден аз, ал 2 сағ соң 7,8 ммоль/л-ден аз.
Біздің елімізде әлі күнге дейін аурудың жасырын сатысына дейінгі диагностикасын
жүргізуде стандартты глюкоза толерантты тест қолданылады
(134 кесте).
Сонымен қатар
Еуропада және АҚШ эндокринологтары СГТТ-ны қант диабетінің диагностикасында
қолдануды тиімсіз деп есептейді.
134 КЕСТЕ
Достарыңызбен бөлісу: |