Миелодиспластикалық синдромдардың FAB-жіктелісі РА – рефрактерлі анемия (сүйек майында <5% бластар)
РАс – рефрактерлі анемия сақина тәрізді сидеробластармен (сүй-
ек майында <5% бластар)
СММЛ – созылмалы миеломоноцитарлы лейкемия (сүйек майында >20%
бластар)
РАБЖ – рефрактерлі анемия бластар мөлшерінің жоғарлауымен (сүйек
майында блас-тар 5-10%)
РАБЖ-Т – рефрактерлі анемия бластар мөлшерінің жоғарлауымен транс-
фармация сатысында (сүйек майында бластар 10-30%)
Клиникалық көріністері панцитопения салдары болып келеді және анемия, тромбо-
цитопенияға сәйкес қан кету және нейтропенияға байланысты инфекциялардың дамуы
байқалады. Әдетте, сүйек майында жасушалылық жоғары, бірақ қалыпты немесе төменде
болуы мүмкін.
МДС-ның болуы сүйек майын трансплантация жасау көрсеткіші болады.
14.6.4. ЛИМФОГРАНУЛЕМАТОЗ Лимфогранулематоз (ЛГМ) (Ходжкин лимфомасы
) – ең жиі кездесетін қатерлі
лимфома. Балалар ересектерге қарағанда сиректеу ауырады. Ер балалар қыз балаларға
қарағанда жиірек ауырады, 10 жасқа дейін бұл айырмашылық айтралықтай болады.