Диабеттік кетоацидоздың емі:
1. Инфузиялық емге дейінгі 1 және 2 сатысында және жағдайының жақсаруынан кейінгі
3 сатысында тазарту клизмасын жасайды және асқазанды жуады.
2. Регидратациялық емді диабеттік кетоацидоздың сатысына қарамастан 0,9% NaCl
ертіндісін тамыр ішіне енгізуден бастайды. Гликемия 14 ммоль/л-ден төмен болған
кезінде 5% глюкозаны инсулинмен қосып енгізеді (1 бірлік 5 г құрғақ глюкозаға).
3. Емнің екінші сағатынан бастап қандағы калийдің мөлшерін түзетуді жүргізеді.
Бастапқы мөлшері 1,5% КCl 0,3 мл/кг/сағ, кейіннен калийдің деңгейін 4-5 ммоль/л
мөлшерде ұстау керек.
4. Инфузиялық ертінділер көлемі: 1 сағ – 20 мл/кг дене салмағына, 2 сағатта – 10 мл/кг, 3
сағ – 5 мл/кг. Бастапқы 24 сағат ішінде денесіне енгізілетін сұйықтықтың максималды
мөлшері 4 л/м
2
аспауы керек.
5. Қысқа әсерлі инсулиннің енгізілуі 0,1 бірлік/кг/сағат. Инсулинді енгізілетін басқа
сұйықтықтармен араластырмай бөлек енгізу керек. Глюкозаның төмендеуі 4-5 ммоль/л
сағатынан аспау керек, глюкозаның тез төмендеуі бас миының ісігіне әкеледі.
6. Метаболикалық қышқылдануды 4% натрий гидрокарбонаты ертіндісімен, емнің
бастапқы 4 сағатында, қанның РН-ы – 7,1-ден төмен болғанда түзетеді.
7. Белгілеріне сәйкес ем.
Достарыңызбен бөлісу: |