Қант диабетінің асқынуы . Ұзаққа созылған декомпенсацияланған қант диабетінде
қан тамыр жүйесінің жайылмалы зақымдалуы – қылтамырлардың базалды мембранасы-
ның қалыңдауынан туындайтын диабеттік микро-ангиопатия, одан әрі қан тамырлары
қабырғасы-ның гиалинозынан, ағзалардың қызметінің, әсіресе бүйректің, көздің, аяқтың
дисталды бөлігінің, АІЖ қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылыстары дамиды. Бұл
асқынулар тобы, «кеш асқынулар» – деп аталды. Олар, әдетте ауру басталғаннан 5 және
одан да көп жылдан кейін көрінеді. Балалық шақта қант диабетінің ұзақ уақыт
компенсациясының болмауы, бой өсудің және жыныстық дамудың тежелуіне әкеледі,
диспропорционалды семіздікке (бетінде, кеуденің жоғарғы бөлігінде майдың жиналуы),
гепатомегалияға, ерте тамырлық асқыну – Мориак синдромының дамуына алып келеді.
Инсулин мөлшерінің созылмалы артуы тәбеттің жоғарлауына, бой өсудің күшеюіне
Кушингоид типті семіздікке, гепатомегалияға әкеледі, кетоацидозға, түнде гипогликемия-
733