Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1261/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1257   1258   1259   1260   1261   1262   1263   1264   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

15.6.1. ГИПОФИЗАРЛЫ НАНИЗМ
Гипофизарлы нанизм (ергежейлік
) –
физикалық дамудың және өсудің
тежелуімен сипатталатын ауру. Ергежейлік ересек ер кісілердің бойы 130 см төмен,
ересек әйелдердің – 120 см төмен болған кезде айтады.
Аурудың
этиологиясында
генетикалық, ісіктік (краниофарингиомалар,
менингиомалар, хромофобты аденомалар), жарақаттық, токсикалық факторлардың және
гипофизарлы аймақтың инфекциялық зақымдануының маңызы бар.
Ауру негізінде 
гипоталамус ризилинг-факторының өндірілуінің жеткіліксіздігі немее-
се төмендеуі немесе гипофиздің соматотропты қызметінің төмендеуі, өсу гормонының
биологиялық белсенділігінің болмауы және шеткі тіндердің оларға сезімталдығының бұ-
зылысы жатады. Гипофизарлық нанизмі бар науқастардың көпшілігінде абсолютті немесе
салыстырмалы СТГ жетіспеушілігімен байланысты бұзылыстар ғана емес, бірақ басқада
эндокринді және алмасу жүйелерінде әртүрлі өзгерістерге әкеліп соқтыратын гипофиздің
тропты гормондарының жеткіліксіз өндірілуін көрсететін симптомдар байқалады.
Клиникасы.
Гипофизарлық нанизмнің негізгі белгілері болып, білгілі бір
популяцияға, жасқа, жынысқа арналған орташа кестелік нормадан физикалық дамудың
және өсудің 2-3 сигмаға күрт қалыс қалуы саналады. Туылғанда бұл балаларда салмақ-бой
көрсеткіші қалыпты болады, алайда одан әрі қарай 2-4 жаста құрдастарынан қалыс
қалады. Тек қана абсолютті қалыс қалу емес сонымен қатар бой ұзындығымен және дене
салмағының жылдық динамикасының төмендеуі байқалады. Дене пропорциясы бала
жасына сай. Қанқаның даралануы жасынан қалыс қалуы және тістердің алмасуының
тежелуі байқалады. Бұндай балаларда терісі құрғақ, бозғылт, әжімделген, тері асты
шелмай қабаты әлсіз дамыған, кейде кеудеде, іште, санда тері асты шел майының шектен
тыс жиналуы болады. Бұлшықет жүйесі нашар дамыған. Ішкі мүшелердің көлемінің
кішіреюі, артериялық қан қысымының төмендеуі, брадикардия тән. Екіншілік гипотиреоз
және екіншілік гипокортицизм белгілері болуы мүмкін. Жыныстық дамудың
жетіспеушілік белгілері байқалады. Ер жынысты науқастарда жасына сай емес жыныс
бездері және жыныс мүшелері кішірейген, ұма жетілмеген, екіншілік жыныс белгілері
755


болмайды. Қыз балалардың көпшілігіне гипогонадизм белгілері тән: етеккір, екіншілік
жыныс белгілері болмайды, сүт бездері жетілмеген. Интеллектінің өзгерістері болмауы
мүмкін, бірақ белгілі-бір тұлғалық тип: негативизм, тұйықтық және т.б. болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1257   1258   1259   1260   1261   1262   1263   1264   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет