15.6.3. КЕШ ПУБЕРТАТТЫ СИНДРОМ Кеш пубертатты синдром –
бұл жыныстық жетілудің және өсудің констит- уционалды тежелуі. Әдетте осындай балалардың ата-анасында да осындай дамудың
ерекшеліктері болады. Балалар қалыпты салмақ – бой көрсеткіштерімен туылады.
Өмірінің 1-ші жылында шамамен 3-4 жасқа дейін өзы құрдастарынан өсу жылдамдығы
көрсеткіштері бойынша кейін қалады. 4-5 жаста өсу жылдамдығы қалыптасады (жылына
5-6 см). «Сүйектік жас» хронологиялықтан шамамен 2 жылға кейін қалады. Әдетте
жыныстық даму және өсудегі пубертатты секіріс мұндай балаларда 2-4 жылға кешігеді.
Сонымен қатар, осыған байланысты кеш пубертатты синдромы бар балалармен аласа
бойлы жасөспірімдер өз құрдастарымен салыстырғанда физикалық дамуда қалыс қалады.
Баланың пубертатты кезеңге кеш қосылуы және өсу аймағының кешірек жабылуы
болжамдық тұрғыдан қолайлы фактор болып табылады. Одан әрі мұндай балалар қалыпты
өседі. Өсудің конституционалды тежелуі бар балалар әдетте