Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1271/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1267   1268   1269   1270   1271   1272   1273   1274   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Лабораториялық әдістер:
қандағы тестостеронды анықтау, кетостероидтардың
және олардың фракцияларын несеппен тәуліктік бөлінуін зерттеу.
Қыз балалардада гипогонадизм біріншілік немесе екіншілік болуы мүмкін.
Біріншілік гипогонадизм себептері әр түрлі:
- туа пайда болған генетикалық аномалиялар (Шерешевский-Тернер синдромы);
- туа пайда болған аналық бездің жетілмеуі;
- инфекция әсері (туберкулез, сифилис, эпид.паротит);
- иондаушы сәулелер әсері;
- аутоиммунды аурулар;
- қайсы-бір ауруларға байланысты анабезді алып тастау.
Біріншілік гипергонадотропты гипогонадизм – бұл туа пайда болған жетілмеуден
немесе ЖТН-лік кезеңде зақымдалудан аналықбездің қызметінің төмендеуі. Осы кезде
аналықбезден өндірілетін әйелдік жыныс гормондары болмайды, сондықтан организм
анабездерді ынталандыратын гипофиздық гормондары гонадотропиндерді өндіру арқылы
компенсация-лауға тырысады. Сонымен, қанда гонадотропиндер – лютеиндуші және
фолликулды ынталандырушы гормондардың мөлшері көп, ал керісінше әйелдік жыныс
гормондары – эстрогендер концентрациясы аз. Эстрогендердің жетіспеушілігі сүт
бездерінің және жыныс мүшелерінің атрофиясын немесе жетілмеуін тудырады. Егер туа
пайда болған осындай жағдай немесе ерте балалық жаста пайда болса, екіншілік әйелдік
жыныс белгілері (сүт бездері, әйелдік тип бойынша түктену, әйелдік бейне бойынша
майдың жинақталуы) дамымайды. Қыз балаларда аналық бездің зақымдалуы ерте балалық
кезде пайда болса, әдетте қасағаның түктенуі сирек, сүт безі, жатыр, аналықбез, қынап
жетілмеген болады.
Әйел гипогонадизмінің бірден-бір басты симптомы – аменорея. Денесі евнухоидты
пропорция, жамбасы тар, бөксесі тегіс болады. Егер ауру жасөспірімдік кезеңде пайда
болса, дамып үлгерген жыныстық белгілер сақталады, бірақ етеккір жоғалады, әйел
жыныс мүшелерінің тіні жұқарады және атрофиялық процесске ұшырайды. Ересек жаста
дамыған ауруда қанқа диспропорциясы болмайды. Жыныс мүшелерінің жетілмеуі айқын
емес. Екіншілік аменория туындайды, сирек вегетоневроздың әртүрлі белгілері байқалады.
761


Диагнозды қоюға қанда жыныс гормондарының (эстрогендер) мөлшерінің күрт
төмендеуі, гонадотропиндердің (ЛГ, ФЫГ) құрамының жоғары болу көмектеседі.
Ультрадыбысты зерттеуде жатыр көлемінің кішіреюі, кішірейген анабез анықталады.
Рентгендік зерттеуде остеопороз немесе өсудің және сүйек дамуының тежелуі табылады.
Біріншілік гипергонадотропты гипогонадизмнің емі медикаментозды болып келеді.
Әйел жыныс гормондарымен (этинилэстрадиол) орын басушы ем тағайындалады. Етеккір
тәрізді реакция басталғанда, эстрогендер және гестагендер құрамды аралас ішетін
контрацептивтер тағайындайды (силест, Диане-35, триквилар, тризистан).
Аналық бездің екіншілк гипофункциясының себебі гипоталамусты-гипофизарлы
жүйенің аурулары болуы мүмкін: ісік, Шиен синдромы, акромегалия, жайылмалы уытты
жемсау, гипотиреоз және т.б.
Аналықбездің екіншілік гипофункциясының клиникалық көрінісі толығымен
негізгі ауруға байланысты және басқада гипоталамустық гипофизарлық бұзылыстармен
қатар жүреді. Бұлар семіздік немесе күрт арықтау, қантсыз диабет, гипофизарлы нанизм,
гипотиреоз болуы мүмкін. Бұнда гипогонадизм көп симптомдардың бірі болып қалады.
Бас миының ісігін жоққа шығару үшін неврологиялық, офтальмологиялық зерттеулер,
бассүйек рентгенограммасы, ЭЭГ, компьютерлі томография жүргізу керек. Гормондық
диагностика қан сары суында гонадотропты гормондар (ЛГ, ФЫГ) деңгейін анықтауға
негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1267   1268   1269   1270   1271   1272   1273   1274   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет