Гермафродитизм термині жыныс бездерінің морфологиясымен сыртқы жыныс
мүшелерінің сәйкес болмауын білдіреді. Синонимы: бисексуализм, интерсексуалдылық,
қос жыныстылық.
Гермафродитизм
патогенезі, этиологиясы,
клиникасы бойынша, репродуктивті
жүйенің туа пайда болған әр түрлі ауруларының симптомы болып табылады. Гонадты
жынысқа қарама-қарсы тұлғада жыныс белгілерінің болуына
байланысты жалған және
шынайы гермафродитизм деп бөледі.
Шынайы гермафродитизм сирек кездесетін ауру. Бір адамда бір мезгілде екі
жыныстық
гонадаларының бездік тіндері, яғни фолликулалармен анабездің және
ирелеңдеген шәукеттік
түтекшелердің болуымен сипатталады. Шынайы гермофродизмде
әйелдің жыныстық хромосомалар жиынтығы (46ХХ) басым болады, еркектік хромосом
жиынтығы (46ХУ) сирек байқалады.
Екі жақты (әрбір жағында аталық және аналық безі бар) және бір жақты (бір жағында
аталық, аналық безі табылады, басқа жағында – не аналық, не аталық без болады) шынайы
геморфродитизмге бөледі. Тағы да аралас сипатта болатын жыныстық бездің ерекше түрі –
билатералды гермофродитизмге (ovotestis) бөлінеді: оның бір бөлігі аналық безі сияқты
құрылған, екінші бөлігі – ұрық шылбыры сияқты болады. Ішкі гениталиялар жиі аралас
болып келеді (бір мүйізді жатыр, ұрықшығарушы өзек, аналық без бар жағында қынаптың
бітелуі,
ұрық шығарушы өзек, ұрық шылбыры аталық без жағында болады) сыртқы
гениталия анықталмаған. Екіншілік жыныс белгілері әдетте екі жыныстың да элементері
болады:
дауыстың төмен тембрі, фигурасы аралас типті, сүт
бездерінің дамуы және
еркектік тип бойынша түктену.
Достарыңызбен бөлісу: