Клиникалық көрінісі.
Туылған кезде-ақ дисморфиялық белгілер байқалады: беті
тегіс, «монгол тәріздес» көз қиығы, эпикант, кең кеңсірік және қысқа мұрын;
брахицефалия, шүйдесінің тегістелуі; бұлшық ет гипотониясы; алақан қыртысының
көлденең орналасуы және басқа көптеген белгілер. 40-50% жағдайда ауыр жүрек және
үлкен тамырлар, бүйрек, ішек-қарын (12-сақиналы ішек тарылуы) ақаулары байқалады.
Туған кейін психикалық, қимыл -әрекеттік және физикалық дамуының айтарлықтай
қалыс қалуы байқалады. Болашақта сана-сезімінің айқын қалыс қалуы және бойының
кішкенелігі байқалады. Даун сминдромы анықталатын балалардың иммундық жүйесі
бұзылады, сондықтан олар жий ауырғыш болады. Оларда лейкозбен ауру қаупі 20 есе
артық. Ересек жасқа көбі жетпейді. Өмірінің қысқа болуы жүрек-тамыр, ішек-қарын
жолдарының ақауларына немесе инфекцияға байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |